Accessibility links

Қазақстан басшысы жаңа үкімет құрамын жасақтауда


Қазақстан Президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысының Жарлығымен үкіметтің бірқатар мүшелері тағайындалды. Ауыл шаруашылығы министрі Ахметжан Есімов, Ішкі істер министрі Қайырбек Сүлейменов, Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев, Қоршаған ортаны қорғау министрі Айткүл Самақова, Энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник, Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов қызметтерін одан әрі жалғастыра беретін болады.

Бұған дейін вице-премьер қызметін атқарған Кәрім Мәсімов Қазақстан Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. Ал бұрынғы Білім және ғылым министрі Шәмшә Беркімбаеваның орнына сауда және индустрия министрі болған Жақсыбек Күлекеев келді. Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған Омархан Өксікбаев республикалық бюджеттің орындалуын қадағалайтын есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Сонымен қатар Астана қаласының әкімі болып қызмет атқарған Әділбек Жақсыбеков сауда және индустрия министрі болып, ал Қаржы министрі қызметіне Ерболат Досаев келді. Астана қаласының әкімі болып, Темірхан Досмұхамбетов тағайындалды.
XS
SM
MD
LG