Accessibility links

Ауғанстанда көкнәр өсіріп, героин жасау дамып отыр


Ауғанстан үкіметінің тиым салғанына қарамастан, елде көкнәр өсіріп, героин дайындау кәсіпшілігі жойылмай отыр. Ауғанстан өткен жылы апиын өндіруден әлемде біріншілікті иеленген болатын, барлығы мұнда соңғы жылы 3,400 тоннөнім жиналды.

Ауғанстандық журналист жане Адам хұқтары жөніндегі комиссияның мүшесі Гұлнор Бахман Ауғанстанның Бадакшан провинциясындағы ауыл адамдары есірткі саудасын жасаушылар өздерінің заңсыз тауарларын көршілес Тәжікстанға қарай өткізетін Әмудәрия өзеніндегі қүпия мүйістерді қалай жақсы білсе, мұндағы героин дайындайтын орындарды да солай жақсы біледі дейді. Енді бірде ауыл адамдары бүкіл маселені өз қолдарына алып оны шешуді ойластырған болатын деген, Гүлнор Бахман әрі қарай әңгімесін былайша жалғастырады:

- Жақында мұнда Шахр-е Бозорг ауданы мен жергілікті қолбасы Мұхаммед Наби молла арасында Әму өзеніндегі есірткі заттарын саудалайтын Тәжікстан шекарасына жақын жердегі шығанақта қақтығыс орын алды. Доуиң ауылының тұрғындары бұл біздің арымызға көлеңке түсіреді дей келе, шығанаққа шабуыл жасап, оның жабдықтарын қиратып, күзетшілерін соққыға жыққан. Мұхамед Наби молда болса, адамдарына 400- дей қару беріп, ауылға қарымта шабуыл жасатқан, сөйтіп қан төгілген қақтығыс болды. Олар ауыл адамдарының екеуін өлтіріп, үшіншісін жаралап, мүйісті қайта қалпына келтіріп алды, - дейді Гұлнор Бахман.

Міне осындай жағдайлардан да ауылдық жерде тұратындардың көпшілігі маңайларында болып жатқан есірткі өсіру мен оны дайындап, сатып жатқандардың істерін көрсе де, көрмеген болуға тырысады дейді журналист Бахман. Ол сондай ақ аймақтағы жергілікті билік басылары мен полиция күштері есіркті саудасымен айналысушылармен күресте дәрменсіздік танытып келеді деген болатын. Ол жақында Бадахшанның қауіпсіздік күштері осындағы есірткі контрабандашыларының басшысын тұтқындады деген. Алайда жергілікті қолбасының қысым көрсетуі мен талап етуінен қауіпсіздік қызметінің есірткі саудагерін босатыуына тура келді. Міне сондықтан да жергілікті тұрғындар да, билік басылары да есірткі саудасына көз жұма қарауға мәжбүр дейді ол.

Есірткі заттарына бақылау жасау жөніндегі мемлкеттік комиссияның басшысы Абдұлла Елой есіріткі саудагерлері мен жегілікті қолбасылар арасында өз ара байланыс болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығармайды:

- Біз мұндай фабрикалардың жұмыс істейтіндігін білеміз, алайда олардың барлығы да өте құпия түрде айналысып отыр. Біздер үкімет пен қорғаныс министрлігіне есіркті заттарын дайындауға қатысы барлар туралы хабарлайтын қолбасылар жөнінде ешқандай ақпарат білмейміз. Бірақ егерде жасырын түрде бірнәрселер жасалып жатса, ол ондай емес деп біз айта алмаймыз, - деген Абдұлла Елой.

БҰҰ-ң есірткі заттары жане қылмыстық істер жөніндегі бөлімі 2002 жылы Ауғанстанда 75 мың гектар алқапқа көкнәр дақылы өсірілгендігін айтады. Жылдық табыс 170 доллардан аспайтын ауған елінде көкнәр өсіретін фермерлер апиын өндірісінен жылына 6,500 доллар табыс таба алады екен. БҰҰ-ң есірткі заттарына қарсы күрес агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, Ауғанстанның өткен жылғы тек апиын саудасынан қаратқан кірісі 1,200 миллион доллар болған.

Мұның өзі ұзақ жылдар бойына Ауғанстан апиыны мен героиінінің елді билеген Талибан жүйесінің де, сол сияқты Әл-қайда ұйымының да қаржыландырылу көзі болып келгендігін көрсетеді.

Ауғанстанның қазіргі билік басылары көкнәр өсірілетін алқаптарды біржолата жойып жіберу оңайлықпен жүзеге асырылатын шаруа емес екендігін айтады. Апиын өндіру –көптеген фермерлердің бірден бір табыс көзі болып табылады. Егер оның шығынына сәйкес өтемақы немесе баламалы басқа бір табыс көзі ұсынылмаса, көкнәр алқаптарын құртып жіберуге олардың қай-қайсысы да келіспейді . Ал олардың барлығына бірдей мұндай көмек қолдау көрсетуге Ауғанстанның қорлары жетіспейді деп атап көрсетеді есірткі заттарын бақылау жөніндегі комиссияның жетекшісі Абдулла Елой:

- Бүгін мен ауыл шаруашылық министрлігінен кейбір аймақтардың үкіметтен фермерлерге көкнәрдің орнына сол алқаптарға өсіруге басқа дақылдардың саңырауқұлақ жане зере, бәйшешек сияқты өсімдіктерді сұрап өтініштер жасағаны жөнінде хабарлама алдым. Біз бұл алмастыруларды фермерлерге қалай жане қай жерде қамтамасыз етуді білмейміз, - дейді Абдұлла Елой.

Ал Ауғанстанның ішкі істер министрлігінің өкілі Хелалұддин Хелал елдегі әскери қолбасылар мен заңсыз топтар қарусыздандырылмайынша, Ауғанстанның есірткі заттарымен заңсыз сауда жасаушылармен күресуге күші жетпейді деп айтқан. Сондай-ақ халықаралық қауымдастықтың қолдау көмегінсіз де, Ауғанстандағы жылдар бойына қалыптасқан апиын өндіру мен героин жасау кәсібін бірер жылда түп-тамырымен жойып жіберу мүмкін емес деген ойларын да ортаға салады. Тажікстанның есірткіге қарсы күрес агенттігінің өкілі Аваз Юлдошев өткен жылы Тәжікстан шекарасында 7 мың тонна есірткі заттары, оның ішінде 4 мың тонна героин ұсталған болатын дейді. Ал биыл болса, бұл көрсеткіштердің біршама ұлғайып кеткендігін айтқан ол.

AzattyqTV

Қырғыз суретшісі

Лаймен салынған портрет

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG