Accessibility links

Грекияда Еуроодақ саммиті өтіп жатыр


Порта Карас. Грекия. Осында Еуроодақ мүшелерімен осы одаққа өткелі отырған 10 ел басшыларының саммиті өтіп жатыр.Саммитте Еуроодақ конституциясының жобасы талқылануда.Конституция жобасы бойынша Еуроодақта ортақ президентік пен сыртқы істер министрінің орны тағайындалуға тиіс.Бұндай шешімді Еуроодақ басшылары бұл одаққа 10 жаңа ел алдағы мамырдан бастап мүше болғаннан кейін шешпек. Саммитте Грек өкімет басы Костас Симитис былай деді:

Еурокеңес конституциялық шарт жобасы өкімет аралық конференция өткізуге жақсы негіз болады деп шешті.

Сондай-ақ бұл саммит әлемдік қауіп-қатерге қарсы Құрама Штаттарымен Еуропа арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы құжатты талқыламақ.Күн тәртібінде, сондай-ақ, Таяу Шығыс, Иран мәселелері де бар.
XS
SM
MD
LG