Accessibility links

Тәжікістан ата заңына өзгеріс енгізу бойынша референдум өткізілді.


Үкімет орындарының хабарлауынша жергілікті уақыт бойынша сағат 10-да азаматардың 53-пайызы дауыс берген.Ата заңға 50-ден аса өзгеріс енгізілсе, билік орындары бұл референдумды негізінен, ел басы Имамәлі Рахмоновтың кезекті мәрте, ел басы болып сайлануы үшін ұйымдастырып отыр,оның екінші мәрте ел басылық мерзімі 2006-жылы айақталады.Ата заңға жасалған соңғы түзетулерге сай, енді Рахмонов 2020-ылға шейін ел басы орнында отыра береді.Бұл бір отбасы мүшелерінің билігін ұзарту мақсатымен ата заңға өзгеріс енгізулерін тәжік опозицияасы қаты сынап отыр.Бұндай алғашқы нұсқасында барынша демократияалық ата заңға билікті жекешелендіру бойынша өзгеріс жасап отырған Тәжікістан бірінші ел емес,бұл Орталық Азияалық билеушілер, бұрынғы коммунистік жетекшілердің бәріне тән үдеріс.Ең бірінші болып түркімен диктаторы Түркіменбашы өз билігін нығайту бойынша 1994-жылдың қаңтарында ата заңға өзгеріс енгізсе,екінші болып оның Қазақстандық әріптесі 1995-жылдың көкегінде ел ата заңын өзіне тиімді күйге келтірді. Ал Өзбекістан бұл тұрғыдағы өзгерісін 2002-жылы жасап, Қырғызстан быйылғы жылдың ақпанында ата заңға референдум өткізді.
XS
SM
MD
LG