Accessibility links

Ресейде тағы бір тәуелсіз жеке-меншік телекомпания жабылды.


МӘСКЕУ: 6-ыншы телеарнаны пайдалануға рұқсаты бар “Медиа-Социум” атты коммерциалық емес серіктестіктің мәлімдеуінше, Ти-Ви-Си телеарнасын көгілдір экраннан аластату заңсыз болып табылады. “медиа-Социум” серіктестігінің бас директоры Олег Киселевтің топшылауы бойынша, Ти-Ви-Си телекомпаниясы ешқандай заңды бұзған жоқ, баспасөз министрлігінің ол арнаның жұмыс тиімділігін сылтауратып жабуға құзыры жоқ еді. Жұмыс тиімділігін, оның пікірінше, сот қана бағалауға тиісті. Ал баспасөз министрлігінің мәлімдеуінше, Ти-Ви-Си телекомпаниясын, ол қаржылық, ұйымдастыру, басқару және мамандар жағынан дағдарысты бастан кешіп жатқан кезде, телекөрермендердің мүддесін қорғау мақсатында жапты. 6-ншы арнадан көгілдір экранға енді мемлекеттің қатысуымен құрылған “Спорт” атты телекомпания шығуда.
XS
SM
MD
LG