Accessibility links

АҚШ, Еуропа Одағы және БҰҰ-ы мен есей өкілдері Израиль мен Палестина аутономиясы басшылығын Таяу Шығыс жанжалын реттеудің халықаралық жоспарын құтқаруға шақырады.


ТАЯУ ШЫҒЫС: АҚШ, Еуропа Одағы және БҰҰ-ы мен Ресей өкілдері: Израиль мен Палестина аутономиясының басшылығын Таяу Шығыс жанжалын бейбіт жолмен реттеудің “Жол картасы” деп аталатын халықаралық жоспарын құтқаруға шақыруда. Ол жоспарды жүзеге асыруға аталған аймақта қайта басталған қақтығыс тосқауыл болып отыр. Иорданияда өтіп жатқан дүниежүзілік экономикалық форумда сөйлеген АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл “Хамас” ұйымы көсемдерінің бірін өлтірген жағдайға алаңдауышылық білдірді. Израильдіктерге қарсы бірқатар террористік қастандықты ұйымдастырды деп айыпталған Абдулла Кауасмиді сенбі күні Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Хеврон қаласында Израиль жауынгерлері атып өлтірді. Еуроодақ басшылығының өкілі Хавьер Солананың мәлімдеуінше, Израиль армиясының мұндай іс-әрекеті жанжалдасушы жақтардың уәжге келуіне септігін тигізбейді. БҰҰ-ының Бас хатшысы Кофи Аннан Израильді тым көп күш қолданудан бас тартуға шақырды. Ал Израиль өкіметі палестиндік терроршылджардың көсемдерінің көздерін жоюды әрі қарай жалғастыратынын мәлімдеуде.
XS
SM
MD
LG