Accessibility links

«Өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімін қолданудың стандарттары мен тәжірибелері»


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Алматыдағы орталығының ұйымдастыруымен дүйсенбі күні Алматыда «Өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімін қолданудың стандарттары мен тәжірибелері» атты халықаралық конференция өткізілді.

Аса қауіпті қылмыскерлер үшін қолданылатын өлім жазасын алмастыру ретінде қаралып отырған өмір бойы бас бостандығынан айыру жүйесі Қазақстанда тек 2006- жылдан бастап енгізілетін болады.

Бұл туралы дүйсенбі күні Алматыда басталған «Өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімін қолданудың стандарттары мен тәжірибелері» атты халықаралық конференцияда ҚР- ның әділет министрі Оңалсын Жұмабеков хабарлады. Ал оған дейінгі мерзім аралығында біз аталмыш жазалау шарасының қолданылуын заңдық тұрғыдан реттеп, құқықтық- нормативтік база дайындауымыз керек.

Өмір бойы бас бостандығынан айрылғандарды ұстайтын орындар мен тәртіпті бекітіп, колония қызметкерлерінің, жазасын өтеушілер мен оларға келетін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей жүйені жасауымыз қажет. «Біз бүгін Қазақстанда өлім жазасын алып тастау дұрыс па, жоқ па дегенді емес, оны алмастырып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жүйесіне қалай көшеміз деген мәселе төңірегінде ойланудамыз»,- деді өз сөзінде Қазақстанның әділет министрі.

Сондай- ақ конференцияда ҚР-сы Президент әкімшілігінің орынбасары Игорь Рогов айтып өткендей, өлім жазасын өмір бойы бас бостандығына айыру жүйесіне алмастыру Қазақстанда мемлекетті одан әрі демократияландыру мен азаматтық қоғам орнату бағытында қолға алынған қадам ретінде қарастырылып отыр. Бірақ бұл проблеманың шешуі айтарлықтай көп қаражатты керек етеді. «Тек Павлодар қаласы мекемелері бірінің бұрынғы цехында орналастырылған осындай өмір бойы бас бостандығынан айрылғандарды ұстайтын бір ғана колонияны қамтамасыз ету үшін әділет министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің алдын- ала есебі бойынша 800 млн теңге көлеміндегі қаржы қажет.

Ал оған қызметкерлерді оқыту мен қамтамасыз ету мәселесін қоссақ, бұл сома 1,5- 2 млрд теңгегеге дейін көбейеді»,-дейді Игорь Рогов. Сонымен қатар оның пікірінше, өткен жылдар статистикасына қарай отырып, Қазақстанда әр жыл сайын өмір бойы бас бостандығынан айрылғандардың саны 20-25 адамға өсіп отырады деп айтуға болады. Ал ҚР- сы бас прокуратурасының жанындағы құқықтық статистика және ақпарат орталығының мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанда соңғы бес жыл көлемінде 150 адам ату жазасына кесілген.
XS
SM
MD
LG