Accessibility links

Қырғызстанда шығатын “Моя столица” гәзеті банкротқа ұшырады


Қырғызстандағы оқырман жұрттың “Моя столица” гәзеті редакторы Александр Ким жөніндегі пікірлері алуан түрлі. Бірақ олардың бәрі бұл редактордың өз қарсыласына оңайлықпен бас ие қоймайтындығын жақсы біледі.

Алексндр Кимнің газеті “Мою столица” маусымның 11і күні жабылды. Гәзет банкротқа ұшырады , деп жарияланды. Соңғы екі жылда болған 31 сот үрдісінен кейін ,,Моя сотолица,, гәзетінің мойнына 90 мың доллар айып салынды. Ал Қырғызстандағы орташа айлық жалақы 20 доллар шамасында.

Бірақ Александр Ким алған беттен қайтатын емес.

“Рас , біз «Моя столица» гәзетінің соңғы санын шығардық, бірақ «Адвокат» деген жаңа гәзет ашпақшымыз. Егер заңға сүйенсек оны басып шығаруға болады. Бірақ кім білсін” дейді Ким.

Бұрыңғы гәзеттің жабылуына Париждегі халықаралық бақылаушылар тобы да, бұл баспасөз бостандығына қайшы әрекет деп, өз наразылығын білдірді.

Өткен аптада ол топтың бас хатшысы Роберт Менард “Мұндай заңсыз жолмен гәзетті жабу Орталық Азиядағы цензураның кесірінен баспасөз еркіндігіне тусау салу деп түсінген жөн” деген.

Қырғызстан бас міністрі Николай Танаев тіптен ,,Гәзет денсаулық саласына тиісті қаржыны талан-таражға салды,, деп те айыптады. Бішкек соты гәзетке 11 мың 200 доллар айып салды.

“Бұл сот ісіне президент Асқар Ақаевтің саяси қысымы да әсер еткендігі сыр емес. Себебі Қырғызстандағы барлық эканомикалық мәселе Ақаевтің отбасылық бизнесімен тікелей байланысты”, - дейді Александр Ким.

Бірақ президенттің баспасөз хатшыса Әбділ Сегізбаев Ким және өзгелер “ гәзеттің жабылуында саяси астар бар” дегенімен, ол сот үрдістеріне президент пен үкіметтің ешқандай қатысы жоқ, дейді.

“Тәуелсіз басылымға сот ісі жарияланса болды жұрт «оны билік басындағылар жасап отыр» деп есептейді. Мен ондай айыптаумен келіспеймін” дейді президент Ақаевтің баспасөз хатшысы.

Бірақ халықаралық ұйымдар Қырғызстандағы соттардың үкімет қолында екендігін де жақсы біледі , дейді талдаушылар.

Оппозициялық бағыттағы “Қырғыз ордо” гәзеті “ кедендік басшылардың ар-намысына тіл тигізді” деп қаңтар айында жабылды. Дегенмен, Замира Сыдықованың, “Рес Публика” гәзетінің көмегімен “Қырғыз Ордо” наурыздан мамырға дейін жарық көріп келді.

Бірақ тәуелсіз де батыр ойлары үшін абақтыға түсіп шыққан алғашқы жолналист Зәмира Сыдықованың айтуынша, үкімет “Қырғыз ордо” ның дүниелерін басқызбау үшін қаржылай қысым да жасаған.

Міне енді Александр Кимнің “Адвокат” деген жаңа гәзеті шыға қалса жағдайдың қандай боларын білетін шығармыз. Ким, бәрібір тәуекелге басып отыр. Ол “Моя столица”ға дейін де “Вечерний Бішкек” деген гәзет шығарған еді.

Бұл гәзет қазір де шығып келді, бірақ үкіметтің қатаң бақылауында. Сонымен, ендігі кезекте “Адвокат” гәзеті тур.
XS
SM
MD
LG