Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буш Вашингтонда Еуропа Одағы басшылығымен кездеседі.


ВАШИНГТОН: АҚШ президенті Джордж Буш бүгін Вашингтонда Еуропа Одағы басшылығымен кездеседі. Оның қарсаңында ЕуроОдақ өкілдері: терроризмге қарсы күрес және жаппай қырып-эою қаруын таратпау жөніндегі жаңа келісім-шарт Ирақтағы соғыс салдарынан шиеленісіп кеткен АҚШ пен Еуропа арасындағы қарым-қатынасты жақсартады деп мәлімдеді. Тағы бір аса маңызды тақырып – екі арадағы сауда мәселесі болмақ. Вашингтон АҚШ-та өндірілетін генетикалық жағынан өзгертілген азық-түліктің Еурпаға импортталуына шектеу қою туралы шешімнің бұзылуын талап етуде. Еуропа Одағы делегациясының құрамында Еурокомиссияның төрағасы Романо Проди, уропа Одақтың сыртқы байланысына жауап беретін Хавьер Солана және Еуропа Одағында төрағалық етуші Грекияның премьер-министрі Костас Симитис бар.
XS
SM
MD
LG