Accessibility links

“Сайлау туралы” конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар


Депутаттар “Сайлау туралы” конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын дайындады

Маусымның 25 күні өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында “Сайлау туралы” конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қарала бастады. Жоба мәжіліс депуттарының бастамашылық етуімен дайындалған. Заң жобасын дайындаушылардың бірі, Мәжіліс депутаты Серікбай Бисетаевтың айтуынша, ұсынылған өзгерістерде аталған саладағы халықаралық өлшемдер ескерілген.

- Заң жобасын қазақша, орысша дайындап, парламентке тапсырдық. Заң қабылданса, халыққа бәрі ашық болады. Әйтпесе, үкімет өзі шешіп алады да, керек адамдарын депутаттыққа өткізеді. Сайлау кезінде әрбір депутаттың өздерінің адамдары болуы керек. Дауыс санағанда партия мүшелері болуы қажет. Урнаға дауыс беру қағаздарының қалай түсіп жатқандығы, бәрі көрініп тұруы керек. Соның бәрін заңға өзгеріс етіп енгіздік, - деді Серікбай Бисетаев.

Алайда, Серікбай Бисетаев, заң жобасының биылғы жылдың күзінде болатын мәслихаттардың сайлауына дейін қаралып үлгермейтіндігін айтты. Ал, шілденің бірінен бастап парламент депуттары демалысқа шығады.
XS
SM
MD
LG