Accessibility links

Қазақстандық журналистер жүлде алды


Қазақстандық журналистер Ресейде өткен «Золотой глагол» атты халықаралық конкурстың алтын және күміс жүлдегерлері атанды

Осыған орай 25 маусымда Алматыда сол конкурстың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты болып өтті. Конкурс Бүкілресейлік Медиасоюз қоғамдық ұйымы негізінде бекітілген. Ондағы мақсат – Ресей Медиа-индустриясы мен шетелдік журналистер арасындағы байланысты дамыту. Соңғы төрт айдың ішінде Қазақстан, Украина, Эстония, Латвия, Литва және басқа елдер тарапынан 500-ден аса еңбек беделді сарапшылар талқысына түскен.

Осыған орай Медиасоюз аймақтық жобасының директоры, Ресейлік Александр Щипков:

-Жюри мүшелері он адамнан тұрады. Конкурс жабық түрде өтті. Талапқа сай ең құнды, сапалы деген еңбектер екшеліп алынды,-дегенді айтты.

Қазақстан тарапынан осы конкурсқа жүзден аса еңбек ұсынылды. 19 маусымда Мәскеуде «Золотой глагол» конкурсының қорытындысы шығарылып, «Хабар» агенттігінен Сергей Пономарев, КТК телеарнасынан Инна Рудакова жеңімпаз деп танылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай конкурс бұдан былай жыл сайын өткізіледі.
XS
SM
MD
LG