Accessibility links

28 маусымда Алматыда қала әкімшілігі рұқсат еткен жер мәселесіне қатысты митингі өтпек


Сәрсенбі күні Қазақстан ұлттық патриоттары орталығының төрағасы Нұрлан Бұланбаев «Азаттық» радиосына 28 маусым, сенбі күні Алматыдағы Сарыарқа саябағында рұқсат етілген митингі өткіземіз деп хабарлады.


- Оған себеп, Қазақстан Президентінің Жер кодексіне асығыс түрде қол қойғандығы. Соған халықтың басым көпшілігі қатты наразы. Ел сыйлаған мемлекет басшысы осындай әрекетке барады деп ешкім ойламап еді,- дейді ұлттық партриоттары орталығының жетекшісі Нұрлан Бұланбаев.

Жер сату секілді аса өзекті мәселеге келгенде биліктегілер неге халықтың пікірімен санаспайды. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері бізде ең бірінші кезекте ел мүддесін ойлайтын саясат жүргізілмей келеді. Осы орайда Балтық жағалауындағы мемлекеттерден неге тәжірибе алмасқа. Айталық, бірде бір өркениетті мемлекет Балтық елдерінің ісі дұрыс емес деген мәселе көтерген емес. Өйткені олардың алған бағыты, жүргізіп отырған саясаты дұрыс дегенді мысалға келтіреді Нұрлан Бұланбаев. -Жермен бірге оның астындағы бүкіл байлығы біреулердің меншігі болып кетеді. Сондықтан біз мұндай әрекетке келіспейтінімізді білдіріп, наразылық акциясын өткізбекпіз. Оған қала әкімшілігі рұқсат берді,-дейді ол.

Жер сатылса, Қазақстанның тәуелсіздігінен түк те қалмайды. Президенттің бір ғана Жер кодексіне қол қоюы арқылы бәрінен айрылуға жол ашылды деген ойын айтады сенбі күні митингі өткізуді ұйымдастырушы Нұрлан Бұланбаев.

Осы ұйым бұдан бір айдай бұрын да митингі ұйымдастырып, оған 400-500-дей адам жиналған болатын. Талай өткір мәселе көтеріліп, құнды ұсыныс-пікірлер айтылғанымен, адам көп жиналған жоқ, айтылған пікірлер аяқсыз қалды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG