ТАШКЕНТ: Есірткі өндірісімен және қылмыспен күрес жөніндегі БҰҰ-ы мекемесінің өкілі Антонелла Деледда ханымның мәлімдеуінше, Орта Азия елдерінің есірткі саудасына қарсы күреске бағыттаған күш-жігері әзірше ойдағыдай нәтиже бермей тұр. Ташкентте сөйлеген сөзінде БҰҰ-ының өкілі атап көрсеткендей, апиын шикізаты өндірісінен әлемдегі ең басты ел болып саналатын Ауғанстандағы жағдай - тіпті адам айтқысыз. Антонелла Деледда ханымның сөзіне қарағанда, биыл Ауғанстанда бұрын-соңды болмаған апиын шығады деп күтілуде.
Есірткі саудасымен және қылмыспен күрес жөніндегі БҰҰ-ы өкілінің мәлімдеуінше, Орта Азия елдерінің есірткі саудасына қарсы бағытталған күресі нәтиже бермей отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Желтоқсан-1986. Совет билігі қанға бөктірген бейбіт шеру
AzattyqTV