ЯНГОН: Дүниежүзілік қауым - Бирма мемлекетінің өкіметінен оппозицияның жетекшісі әрі бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығының лауреаты Аун Сан Су Чжиді тұтқыннан босатуын қайта-қайта талап етуде. Бирманың негізгі қаржылай демеушісі болып табылатын Жапония - сәрсенбі күні осы елге арналған барлық қаржылай көмегін тоқтатты. Франсия - Бастилия қамалының құлаған күні мерекесіне орай, Аун Сан Су Чжиді өзінің Бангкоктегі елшілігіне қонаққа келуге арнайы шақырып отыр. Ал БҰҰ-ының Бас хатшысы Кофи Аннан Бирма Бирма оппозициясының қазіргі халіне тағы да үлкен алаңдаушылығын білдірді. Ұлы Британия болса, Бирма басшылығына деген қысымын қатаңдатуға дайын.
Халықаралық қауым Бирма басшылығынан оппозиция жетекшісі әрі бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығының лауреаты Аун Сан Су Чжиді абақтыдан босатуды талап етуде.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Сатира қылмыс емес"
Қамауға алынған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр