ЛОНДОН: Мемлекеттік сапармен Ұлы Британияда жүрген Ресей президенті Владимир Путин бүгін ағылшын үкіметінің төрағасы Тони Блэрмен кездеседі. Екі жақты келіссөздердің басты тақырыптарының бірі – соғыстан кейінгі Ирақтағы ахуал болмақ. Екі ел жетекшісінің кездесуі Мәскеу мен Лондон арасындағы қарым-қатынасты оңтайландырады деп күтілуде. Осы кездесудің қарсаңында Ресей президенті Владимир Путин Шотландияның астанасы – Эдинбургте болып, маңдайалды ағылшын саясаткерлерімен және кәсіпкерлерімен кездесуі барысында, орыс президенті Ресейде шетелдік инвесциялар үшін қазір қолайлы жағдай жасалды деп мәлімдеді.