Accessibility links

БҰҰ мен дәулетті мемлекеттер Ираққа донорлық көмек беру мәселесі жөніндегі конференцияны жоспарлауға келісіп оты


БҰҰның ресми басшылығы ұйымға мүше негізгі елдер мен коалицияның Ирақтағы қайта құру мәселесіне арналмақ конференциясын қолдап отыр.

Сейсенбі күнгі жиында 50 елден келген өкілдер қатысқан.Соңғы қорытынды жасалмағанымен, БҰҰ-ы даму бағдарламасының жетекшісі Марк Браунның тілшілерге айтуынша, бұл басқосуда бірқатар мәселелер талқыланған.

Бір жағдай, Ирақ соғысын қолдамаған елдердің өзі енді соғыстан кейінгі көмек шараларына қатысуы мүмкін. Дегенмен, Браунның айтуынша, жиын кезінде кейбір елдердің Ирақ соғысы жөніндегі көзқарас қайшылықтары да байқалып қалған.

"БҰҰ-ы Ирақтағы қайта құру мәселесін тезірек шешіп, өз үкіметі жетекшілігінде саяси тәуелсіз елге айналуына көмектесуге ынталы екендігін байқатты. Оған мұнай қоры жағынан әлемдегі алғашқы қатардағы және экономикалық мүмкіндігі жоғары мемлекет екендігі де қосымша дәлел," дейді Марк Браун.

Әлемдік банктің Таяу Шығыс бойынша аймақтық президентінің орынбасары Жан Луис Сарбибтің айтуынша, бұл жиыннан Халықаралық қауымдастықтың Ираққа қолдау көрсетуге қарсы еместігі байқалған. Оның айтуынша, Ирақтағы қайта құруға көмек өте қажет.

,,Бұл соғыста аса үлкен зиян келмегенімен, өткен 30 жыл бойы жалғасқан экономикалық қателер, инфрақұрылымдық дағдарыс өз дегенін істеген," дейді Сарбиб.

Халықаралық даму бойынша АҚШ агенттігінің басшысы Эндрю Натсиос та тілшілерге "Бірқатар елдер Ираққа көмек беруге қазірден-ақ даяр. Мен басқа елдердің министрлерімен өзара бірлесіп жұмыс істеу жөнінде бірнеше айдан бері кеңесіп келемін. Тіптен, Ирақ соғысын , коалицияны қолдамаған мемлекеттердің өзімен де өзара келісім бар," деген агенттік басшысы.

Сондай елдердің бірі- Канада сейсенбі күнгі жиынға өз елінен үлкен бір ресми топ жіберді. Канада қазірдің өзінде Ирақтағы құрылыс шаралары үшін жәрдем ретінде 300 млн. доллар беріп отыр.

Ал, АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі осы кезге дейін Ираққа көмек ретінде 800 млн. доллар бөлген. Сондай-ақ, алдағы кезде бұл агенттік Ирақтағы құрылыс жобалары үшін тағы да екі есе көп қаржы бермек.

Сарапшылардың есебі бойынша, Ирақты қайта құруға алдағы бір жылда кемінде он миллиард доллар қаржы қажет.

Ираққа АҚШтан жіберілген әкім Пол Бремердің айтуынша, жыл соңына дейін Ирақ бес миллиард долларға мұнай сата алады. Бірақ 1990-шы жылғы Кувейт соғысына кеткен шығындарды өтеуден кейін, ол табыстан үш жарым миллиард доллар қалады екен.

Ал, Халықаралық даму агенттігінің бас өкілі Джеффри Гриконың тілшімізге айтуынша, Ираққа берілер жәрдем көп жақтық болуы тиіс.

"Ирақтағы қайта құру шаралары тек қана АҚШ пен БҰҰ агенттіктерінің қатысуымен шешіле қоймайды. Бұл істе екі жақтама да, көп жақтама да әрекет қажет. Ирақ мұнайы қаржы табудың негізгі бір көзі бола алады," дейді агенттік өкілі. БҰҰ-ы ізгілік көмегі ретінде берілген осы кезге дейінгі екі миллиард долларға тағы да 260 миллион доллар қосып отыр.

БҰҰ-нан Ирақтағы мәселелер бойынша жоғары дәрежелі өкіл Рамиро Лопез да Силва, сейсенбі күнгі конференцияның ашылуы кезінде, "Ирақтағы қайта құру үдерісін Ирақтың өтпелі кезеңдегі уақытша үкімет әкімшілігі басқаруы керек, " деген.
XS
SM
MD
LG