Жарылыстан оянған сол маңайдың тұрғындары өртке оранған машиналарды қызықтап қарап тұрған кезде, өрт сөндірушілер мен қала полициясы қызметкелері келіп өртті сөндірген. Алдыңғы бөлігінің түгі қалмай өртенген 2003 жылғы су жаңа «Тойота Ланд Круизер» джип машинасы белгілі қоғам қайраткері, саясаткер Балташ Тұрсынбаевтікі болып шықты.. Жанған машинаның маңынан жарылғыш заттың қалдықтары және жабыстырғыш лентаның шала өртенген қиындылары табылған.
Осы төтенше оқиғаға байланысты Балташ Тұрсынбаев маусымның 26 -сы күні Алматыдағы Ұлттық баспасөз орталығында баспасөз мәслихатын өткізді. Балташ Тұрсынбаев, бұл қастандық әдейі өзіне қарсы қауіпсіздік қызметінің ұйымдастыруымен жасалып отыр, өйткені бұған дейін оның үйіне әлде біреулер екі рет телефон шалып, өзін қорқытып үркітпек болғандығын айтты.
Балташ Тұрсынбаев осы оқиғаны аяқсыз қалдырмайтындығын, бас прокурор атына істі нақты тексеріп жауап беруді сұрайтындғын айтты.