Accessibility links

Адам құқықтарын қорлау: Европа Кеңесі дене мүшелерін сатуды сынап отыр


Европа Кеңесі адамның дене мүшелерін сатушылармен бірлескен Европалық стратегиялық күрес жүргізуге шақырып отыр.

Европа Кеңесінің парламент отырысында бүйрек сату қылмыстық топтар үшін өте тиімді сауда -сатыққа айналғандығы жайлы мәселе көтерілді. Молдова және Украина сынды шығыс Европаның кедейленген елдерінің тұрғындары заңсыз сауданың тікелей құрбандары, Кеңес бұл- адамдардың ар- ожданын қорлау дейді. Мәлімдемеде, шығыс Европадағы кедейлікпен күресу дене мүшелерін сатуға бірден бір тосқауыл болады және бай Батыс елдері өздерінің Шығыстағы көршілерімен серіктестікті дамытуы қажеттігі атап өтілді.

- 3 мың долларға қанша азық -түлік пен киім кешек алуға болады ? Бұл өле -өлгенше азапта өмір сүрудің құны ма ?-деп бастайды "Азаттық" радиосының тілшісі өз хабарын.

Кейбір шығыс европалықтар бұндай сауалды өздерінің бір бүйрегін отбасы мүшелерін асырау мәселесі туғанда, өз -өзіне қойып, кейін бұған саналы түрде барған болар.Европадағы адамның дене мүшелерін саудалайтын қара базар мәселесі Европа Кеңесінің парламент отырысында тыңдалды.

Баяндамашы Рут Габи Вермот Мангольдтың хабарлауынша, бүйрегін сатушылар негізінен Европаның ең кедей елі Молдовада жайғасқан, бұл елдегі орташа айлық жалақы 50-доллардан аз.Вермот Мангольдтың "Азаттыққа" айтуынша, ол арнайы тексеру сапары кезінде өткен жылы Молдовада өз бүйректерін Түркия, Украина және Ызраилмен байланысты саудагерлерге сатқан көптеген адамдармен кездескендігі туралы хабарлайды.

" Донорлар 18-бен 28-жас аралығындағы жастар.Мен солардың қатарындағы 14 жаспен кездестім, мен солардың 4-імен ашық сұхбаттастым. Олар жоқшылықта, ауылды жерлердегі сіңірі шықан кедейлікте өмір сүреді, сондықтан олар 2,5- 3 мың долларға өз бүйректерін сатуға мәжбүр, бұл оларға керемет көп ақша болып көрінеді. Ал бүйрек салғызушы болса, бұған 100-мыңнан 250-мыңға шейін төлейді.Ал ақшаның қалған бөлігі, мөлшермен 247 мың доллар халықаралық қылмыстық топтардың қолына тиеді. Бұл халықаралық ұйымдасқан топқа бүйректерді ауыстырып салушы дәрігерлер де кіреді."

Баяндамада Европалық науқастардың 15-тен 30-пайызға шейін бөлігі донорлық бүйректі салуды күте алмай, өліп кететіндігі айтылады. Орташа есеппен заңды жолмен бүйрекке кезекке тұрушылар қазіргі кезде 3 жыл күтеді.Ал бұл кезек 2010-шы жылы 10 жылға ұзармақ.

Вермот Мангольдтың айтуынша, бүйрекке мұқтаж қалталылар оны кезек күтпестен, қылмыстық жүйемен байланысты адамдар арқылы сатып алады.Донорлық бүйрек берушілер Түркияға жеткізіліп, онда олар түнде жалға алынған емханаларда өз бүйрегінен айрылып, бес күннен кейін үйлеріне қайтарылып жібереді.

Бір бүйрегінен айрылған адамдардың денсаулығы ешқандай дәрігерлік көмексіз, әрі ауыр, қара жұмыс пен денсаулыққа зиянды тұрмыс- тіршіліктен тыйтықтап бітеді.

"Ланцет" журналы бүйректі кімдердің сатып алатындығына нақты тоқталады, кейбір Ызраил азаматтары өз бүйректерін Эстония, Бұлғария,Түркия,Грузия,Ресей және Румыния азаматтарынан сатып алған. Вермот Мангольдт жоқшылықтан өзге де елдердің өкілдері бұндай ойланбаған әрекетке баратындықтарына тоқталады..

" Бізде бар мәліметке сай, Ирақ азаматтары да бұған барған.Сондай-ақ ,Украина мен басқа да бұрынғы шығыс блоктың құрамында болған елдер өкілдері де бұған көнген, Ирақ болса бұндай дене мүшелерін сатуға өте қолайлы ел. Бәлки, соғыстан кейін бұнда басқаша жағдай орнап, халықаралық ұйымдасқан қылмыстық топтарды адамның тіршілік органдарын беруші ел ретінде енді қызықтырмауы да мүмкін"

Вермот Мангольдтың айтуынша, бұдан көптеген сауалдар туындайды : Кедейлер сонда байларды дененің маңызды тіршілік бөліктерімен қамтамасыз етуі керек пе ? Жоқшылық ар -ожданды таптап, әрі денсаулыққа қауіп төндіруі керек пе ?

" Бұл этикалық тұрғыдан дұрыс емес, біздің дене мүшелеріне зәру адамдарға жеткілікті мөлшерде оны тауып беруге мүмкіндігіміз жоқ. Бұл заңсыздық, сіздің дене мүшелеріңізді бөгде біреуге сату -бұл адам құқықтарына қайшы келеді.Дене мүшесін пайда табу көзіне айландырмай, егер сіз тірі донор болсаңыз, онда сіз өз отбасыңыздағы адамға қажет болса, өз қалауыңызбен бере аласыз. Енді бәлки, Европалық елдер донорлар аясын кеңейте түсер.Сіз өзіңіз алатын дене мүшесі үшін ақша төлеуіңіз қажет пе, ол жағы қарастырылмайды. Және менің ойымша, біз дене мүшелерін сыйға тарту әрекетінде серіктесе жұмыс жасаумыз қажет."

Европа Кеңесі адам дене мүшелері қаржылық пайда табу көзіне айналмауы керек деп заңда бекіткенімен, шешімін тапай отырған мәселер жеткілкті.Бұл 2002-ші жылы қабылданған Кеңестің Адам құқықтары және Биомедицина бойынша қосымша хаттамасында қарастырылды.Кеңестің тәртібіне сай бұл заңды бекіткен елдерге оның пәрмені жүреді. Молдова Адам құқытары мен Биомедицина бойынша заңды 2002-ші жылы өз парламенті арқылы бекітті.Түркия бұны бекітуі тиіс.

Молдовалық журналист Алина Аврамның "Азатыққа" айтуынша. " Адам саудасы бар жерде олардың дене мүшелерін сату да бар.Біз бұған көзімізді екі түрлі сауданы ұйымдастырушылар да бір мафиялық топтың қолында және оларды қорғаушы ресми билік орындары екендігін анықтау арқылы жеткіздік. Және бұл екі сауда түріне де дәл сол жауапты мекеме қызметкерлері бақылау жасауда."

Вермот Мангольдтың айтуынша: " Ең басты мәселе- ол кедейлікпен күрес, тек сонда ғана адамдар шарасыздықтан өз дене мүшелерін сатпайды.Инвестициялық даму агенттіктері бұл елдер мен олардың тұрғындары үшін арнайы жобалар жасауы тиіс.Сіз бұл елдерде кең көлемді етек алған коррупцияаға тап боларсыз. Молдова үкіметі сондай коррупция жайлаған елдердің бірі, сондықтан инвесторларды бұнда келтіру қиын. Бірақ кедейлікпен бірінші кезекте күресу қажет." Ол сондай-ақ ақпарат құралдары мен халықарлық үкіметтік емес ұйымдар құрлықтың барлық жерлерінде дене мүшелерінің саудасы мәселесін көтеруі керектігінің маңыздылығына да тоқталғанын да жазған.
XS
SM
MD
LG