“Либералды Ресей” партиясының жергілікті бөлімшесінің жетекшісі Валентина Дубровских “Интерфакс” агенттігіне “Михаил Коданевті Ресей мемлекеттік Думасының депутаты Сергей Юшенковты ұйымдасып өлтіргендер қатарында бар деп айыптап отыр”- деді.
Сонымен қатар Коданевтің оққағары да ұсталған.
Сыктывкарда Сергей Юшенковтың өліміне қатысы бар деген екі күдікті тұтқындалды.
Тергеушілердің айтуынша,бұлар 17-ші сәуір күні Мәскеуде болған қылмысқа тікелей қатысты.