Accessibility links

АҚШ президентінің көмекшісі халықаралық қоғамды, Ақ үйдің пікірінше, ядролық бағдарламаларын жүзеге асырып жатқан Иран мен Солтүстік Кәрейге байланысты АҚШ-тың ұстанған саясатын қолдауға шақырады.


ЛОНДОН: АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша көмекшісі Кандолиза Райс ханым: Вашингтонның ақпары бойынша, ядролық қару жасау бағдарламасын жүзеге асырып жатқан Иран мен Солтүстік Кәрейге байланысты АҚШ-тың ұстанған саясатын қолдауға шақырды. Кандолиза Райстың атап көрсетуінше, аталған екі елге қарсы қатаң шаралар қолдану керек. Таяу Шығыс ахуалына тоқтала келе Райс ханым, президент Джордж Буштың артынша, оның экстремистік “Хамас” тобы – бейбітшілік орнатудың жолында тұрған үлкен тосқауыл болып табылады, сондықтан да оны жою керек деген сөзін қайталады. АҚШ президентінің көмекшісі, сондай-ақ, араб елдерін “Хамас” пен басқа да экстремистік топтарды қолдауын доғаруға шақырды. Осы мәлімдемесін Кандолиза Райс ханым Таяу Шығысқа бара жатқан жолында тоқтаған Лондонда жасады.
XS
SM
MD
LG