Accessibility links

Шайбалы хоккейден Ресей құрамасына Совет Одағы тұсындағы атақты бапкер В.Тихонов бас жаттықтырушы болып сайланды.


МӘСКЕУ: Шайбалы хоккейден Ресей құрамасының бас жаттықтырушысы болып Совет дәуірінде аты жарған бапкер, 73-жастағы Виктор Тихонов сайланды. Оның кандидаттығын Ресейлік хоккей федерациясының атқарушы комитеті мүшелерінің ішінен 17-сі қолдап дауыс берді. Шайбалы хоккейден Виктор Тихонов бастаған КСРО құрамасы 80-90-ыншы жылдары 8 рет әлем біріншілігінің және 2 рет олимпиада ойындарының жеңімпазы болды. Совет дәуіріндегі сияқты ол ресей армияшыларының орталық спорт клубы - ЦСКА мен құрама команданың бас жаттықтырушысы міндетін қатар атқармақшы.
XS
SM
MD
LG