САНА: Йемен елінде үкімет әскері ислам эксремистерінің базасын басып алды. “Ислам армиясының Аден-Абияны” деп аталатын жасақ Йеменнің оңтүстігіндегі тау қыратында қоршауға алынды. Қоршау бірнеше сағатқа созылып, шайқас кезінде зеңбіректер мен “Катюша” деп аталатын зениттік қондырғылары қолданылды. Йеменнің ішкі істер министрлігінен хабарланғандай, 6 террорист жер құшып, 11-і тұтқынға түсті. Тағы бірнеше ондағаны бас сауғалап үлгерді. Йемен армиясы өкілінің хабарлауынша, өлгендердің 4-і шетелдік азаматтар көрінеді. Әлгі қарулы топ “Әл-Қаида” ұйымымен тығыз байланыста болған.
Йеменде “Әл-Қаида” террористік ұйымымен тығыз байланысты ислам экстремистерінің базасы жойылды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Жаңа Қазақстан" мәжілісі
"Бәз баяғы спикер, бұрынғыдан айырмашылығы аз парламент"
AzattyqTV