Accessibility links

МАГАТЭ Саддам Хусеин режимінің ядролық бағдарламасын қайта бастауға ұмтылғанын растайтын айғақтар табылды деген АҚШ-тың көзқарасын қолдамайды.


МАГАТЭ: Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік – МАГАТЭ Саддам Хусеин режимінің ядролық бағдарламасын қайта бастауға ұмтылғанын дәлелдейтін айғақтар табылды деген АҚШ-тың көзқарасын бөліспейді. МАГАТЭ-ның өкілі мәлімдегендей, бір Ирақ маманынан таяуда ғана алынған ақпар – керісінше Ирақта 1991-інші жылдан бері қарай ядролық ешқандай бағдарламаның болмағандығын нұсқайды. Ирақтың ядролық бағдарламасының бұрынғы жетекшілерінің бірі АҚШ өкіметіне байытылған уран өндірісінің технологиясына қатысты Саддам Хусеиннің ұлы - Құсайдың бұйрығымен осыдан 12 жыл бұрын жасырып қойған құжаттарын тапсырды.
XS
SM
MD
LG