Accessibility links

Ирақтағы соғыс қашан aяқталады?


АҚШ үкіметі Ирақтағы басты соғыс айақталды деп жариалағанан кейін де қақтығыстар тиылған жоқ. Көптеген адамдар Ирақта соғыстан кейінгі жағдай қалыптасты деп ойлағанымен, екі ай ішінде 70-тей американ британдық қосындар мерт болып екі ұдай сезім тудырады.

Парсы шығанағындағы жорықтан оралған АҚШ тың ұшақтасушы Абрахам Линкольн кемесінің үстінде тұрып АҚШ президенті Джордж Буш былай деп жариялады:

" Ирақтағы басты соғыс әрекеттері айақталды.Ирақтағы шайқаста АҚШ пен оның одақтастары басымдылық танытты."

Көптеген бақылаушылар "соғыстан кейінгі Ирақ" деген ұғымды пайдаланып жүргеніне қарамастан, онда соғыс пен қантөгістер азда болса жүріп жатыр.

Буштың соғыс айақталды дегеніне қарамастан екі ай ішінде Ирақта 57-АҚШ қосыны опат болды, соның 19-жау оғынан, 38-і әртүрлі қайғылы оқиғаларға душар болды. Сейсенбі күні Оңтүстік Ирақта 6 британдық жасақ өлтірілді. Ирақ соғысы басталғалы бері 238-американ және британ қосыны көз жұмды.

АҚШ үкіметімен қорғаныс мекемесінің барлау және әскери саланың аға маманы Энтони Кордесманың Азаттыққа айтуынша:

" Бізге айтып еді, Ауғаныстанда соғысқа кіре отырып, біз Әл-Қайданың 80-елдегі бөлімшесімен бетпе бет келеміз деп. Соған дәлел ретінде Әл-Қайдамен күрес барысында Балиде, тіпті Австралияаға шейін бұнымен кездесіп отырмыз."

Кордесманың айтуынша, жаңа ғасырда ұлттар "асимметрияалық" соғыстарға, яғни әлсіз жақ террорлық әрекеттерге баруы мүмкін. Бұндай жағдайда қарсыластардың көсемдері өлтіріліп, не қолға түсірілуі керек, әйтпесе олар қарсылықтың символына айналады.

" Біз асимметрияалық соғыстар туралы айтқан кезде оның зор идеологияалық мәні бар,бұнда тұрақсыз жасақтар әрекеті мен терроршылдық, не оқыс шабуылдар басым. Негізінен сіз жеңдіңіз, әрі сізге жауласушы ел, не күштер шабуыл жасамайды. Ал сіз Ирақ пен Ауғаныстан жайлы айтар болсаңыз, онда американдық қосындар ондағы соғысын жалғастырып жатыр."

Вашиңтонда орналасқан қорғаныс және сыртқы сaясатты зертеу Като Институтының вице президенті Тед Гален Карпентердің Азаттыққа айтуынша:

" Ауғаныстан мен Ирақта американдық соғыс тәсілі аяқталғанымен де, шындығында бұл соғыс біткен жоқ."

Карпентердің айтуынша Ирақтағы соғыс Европалық отаршылдыққа қарсы Африка мен Азия елдеріндегі өткен ғасырдың 50-інші 60-ыншы жылдарын еске салады. Алжирдегі француз үстемдігі мен Индонезиядағы голландық отаршыларға қарсылықтар іспетті. Бұған байланысты ол былай дейді:

" Біздің көріп отырғанымыз 20-ші ғасырдағы ұлт-азаттық не имериализмге қарсы күрес секілді дүниелер. Егер АҚШ Ирақтағы қиыншылықтарын азайтқысы келсе онда Ирақтан шығудың нақты стратегияалық жолдарын іске асырып, мүмкіндігінше Ирақтағы билікті ирақтықтардың өздерінің қолына ұстатуы тиіс.Егер біз бұның нәтижесіне қанағатанбасақ та, осылай жасауымыз қажет."

АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон әкімшілігінде вице президент Ал Гордың ұлттық қауіпсіздік мәселесі бойынша кеңесшісі болған Леон Фуертің айтуынша:

" Шабуылдардың күн өткен сайын күшейіп келе жатқаны, әрі оның елдің шар тарапында бой көтере бастауы бұған қозғау салушы бір орталықтан басқаратын күштің барлығына меңзейді."

Сондайақ өз ойын жалғастырып ол:

" Буш әкімшілігі өзінің Саддам Хұсейіннің тірі екендігіне, әрі оның елде болуына назар аударып, өзінің алғашқы көзқарасын өзгертуі тиіс. Және менің ойымша күн өткен сайын олар бұған көзін жеткізеді, американдықтарға қарсы шабуылдар ұйымдастырулар мен келеңсіз жағдай тудырулардың мақсаты, біраздан кейін саяси өміршең болмауы мүмкін."

Фуертің айтуынша Ирақтағы қантөгістерге байланысты әзірше американдықтар ешқандай наразылық білдірмей отыр.Бірақ егер өлім жітім тоқтамаса, онда қашанға дейін бұл үнсіздік жалғаса қояар екен дейді ол.
XS
SM
MD
LG