Accessibility links

Ирақтағы Америка әскерлеріне шабуылдар жасалуда.


Ирақта АҚШ әскерлеріне қарсы болған соңғы шабуылдардан екі американдық әскер мен екі ирақтық қайтыс болған.Американың әскери басшылығының хабарына қарағанда, Бағдадтың оңтүстік батысындағы олардың тұрағына қарулы күштер шабуыл жасағанда бір әскер өліп, сегізі жараланған.Ал, Бағдад әуе жайына апаратын жолда болған жарылыстан бір әскери қаза болып,екіншісі жараланған.Бағдадтың батысында АҚШ әскерилеріне жасалған шабуылдан американдықтармен бірге кетіп бара жатқан екі жергілікті тұрғын да қайтыс болды.Ирақ астанасының шығысында тағы бір мұнай құбыры жарылып,бұл осы күндердегі 6 –шы оқиға болып отыр. Ирақтағы әскери операциялар аяқталды деп жарияланған мамыр айынан бері бұл жерде 20 американдық пен 6 британдық әскер қаза болған.
XS
SM
MD
LG