Тбилиси. Грузияның Панкиси шатқалында шамамен 3200 шешен босқыны бар. Бұл шешен босқындарын қайта есептеуде анықталған бүгінгі деректер.Грузияның босқындар ісі жөніндегі министрлігі хабарлағандай, бүгін арнайы құрылған мемлекеттік комиссияның мүшелері тіркелу орындарындағы санаққа өздері келе алмаған ауру немесе мүгедек босқындардың есебін жүргізді.Барлық тіркелгендерге суреттері бар жаңадан тіркелу қағазы берілді .Шешен босқындары Грузияға 1999 жылдың қазан - желтоқсан айларында келіп, негізінен Панкиси шатқалындағы этникалық шешендер тұратын жерге қоныстанған .Алғашқы жүргізілген 2001 жылдың наурызындағы есеп бойынша, Грузияда 7 мыңдай адам тіркелген.2002 жылғы екінші тіркелудің мәліметтері Панкиси шатқалында Шешенстаннан келген 3700 босқын бар екенін көрсеткен еді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық зерттеуі | 2-БӨЛІМ
Дубайдағы Қазақстан. Құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы шенділері
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?