Accessibility links

Ирак шииттерінің басшысы АҚШ бастаған әскердің елдегі қызметін "оккупация" деп сипаттады


Ирак шииттерінің басшысы, Ирак Ислам революциясы Жоғары ассамблеясының төрағасы Аятолла Мұхамед Бәкір Әл- Хәкім АҚШ бастаған әскердің елдегі қызметін "оккупация" деп сипаттап, ирактықтарға қарсылықты "бейбіт жолмен" жүзеге асыруға шақырды. Нәджәт қаласында айтылған жұма намазда Мұхамед Бәкір Әл -Хәкім бірлестік әскерінің Иракта қоныстанғанын Ирак салттарын "аяққа таптау" деп бағалады. "АҚШ бастаған бірлестіктің Ирактан кетуін талап ететін келіссөздер, бейбіт шерулер дегенмен, қақтығыссыз өткізілсе жөн", деді Ирак шииттерінің басшысы. Мұхамед Бәкір Әл Хәкім Саддам Хусейннің кезінде елден қуылып, көршілес Иранда 23 жыл жан сауғалады. Мұхамед Бәкір Әл -Хәкім үндеуін айтып жатқан күні Бағдадта АҚШ-тың бір сарбазына оқ атылды. Ол сарбаз қазір ауруханада жаралы жатыр. АҚШ қорғаныс министрлігі Ирактағы жағдайды сараптау және жаңа үкіметті жасақтау жолдарын қарастыру мақсатында осы аймаққа бір топ тәуелсіз саяси талдаушыларды жіберді.
XS
SM
MD
LG