Accessibility links

Еуропа кеңесі Әзірбайжанға саяси тұтқындар мәселесін шешу үшін екі ай мерзім берді


Еурокеңестің Страсбургте орналасқан Парламенті сәрсенбі күні ондаған саяси тұтқындарды түрмеде ұстап отырғаны үшін Әзірбайжан президенті Гейдар Алиев атына ауыр сындар айтты.

Бұл отырыста Еурокеңес парламентарийлері Бакуды айыптауға тиіс еді, бірақ оның орнына ескертумен шектелді.

2001 жылы Әзірбайжан Еурокеңеске мүше болып кіргеннен бері Еурокеңестің бұл елді саяси тұтқындар үшін екінші рет сынға алуы, деп жазады радиомыздың талдаушысы Джан-Кристофор Пех.Еурокеңес Парламенті сәрсенбі күні Әзірбайжанды адам құқықтарын таптап отырғаны үшін айыптайтын қаулы қабылдауға тиіс еді. Алайда, Парламент бұл қаулы үшін дауыс беруді екі айға шегеріп, Бакуге саяси тұтқындар мәселесін шешуге екі ай мерзім берді.Егер қыркүйектің 1-не дейін, Баку түрмедегі саяси тұтқындар мәселесін шешпесе онда Еурокеңес Әзірбайжанға қарсы санкция салуы мүмкін.

Әзірбайжанды айыптайтын 35 беттік қаулы жобасын жазған Еуропарламент депутаты Джорджес Клерфаи: "Біздің мақсатымыз- Әзірбайжанды айыптау емес, біздің мақсатымыз -саяси тұтқындарды босату.Оның үстіне біз бүгін ұсынылған жобаны дауысқа салмақ емеспіз. Әзірбайжан өкіметіне біз, сонымен соңғы мүмкіндік береміз".

Ал, Еуропарламент отырысына қатысқан Әзірбайжан өкілі Илхам Алиев болса, Әзірбайжанда саяси тұтқындар жоқ деді: "Клерфаи мырза жікшілдер, террористер, жендеттер және ұшақ қуып әкеткіштерді саяси тұтқындар деп отыр".

Депутат Клерфаи: "Бүгінгі жиын Әзірбайжанға ескерту жасауға тиіс.

Қарашаның 15-і күні Әзірбайжанның 4,5 миллион сайлаушысы жаңа ел президентін сайлайды.Немесе қәзіргі аурушаң президентті қайта сайлауға тиіс. Енді Еуропарламенттің тағы бір депутаты Малколм Брюстің пікіріне ден қоялық: "Қараша айында Әзірбайжанда өтетін сайлау әділ бола ма, болмай ма, бұл жағдаят біз үшін де сын".

Еуропарламент депутаты Клерфаи дайындаған қаулы жобада Әзірбайжандағы екі саяси тұтқын - бұрынғы президенті Аяз Муталибов пен Әзірбайжан парламентінің бұрынғы төрағасы Расул Қулиевты тұрмеден шығару жөнінде талап бар. Еурокеңес түрмеде отырған бұл екі саяси тұлға қарашада өттетін президенттік сайлауға қатысуы керек деп біледі.Әзірбайжанның Демократиялық партиясы Қулиевты өз қатарынан алдағы президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынып отыр.Еурокеңес сондай-ақ , бүгінде Әзірбайжанда түрмеде отырған 300 саяси тұтқын мәселесін қайта қарауы керек деп отыр.Тағы да Еуропарламент депутаты Клерфаи: "Басты-басты саяси тұтқындар әлі де түрмеде отыр".

Бакулық құқық қорғаушы Лейла Юнус: "Бүгінде жаңа бір шешім қабылданды, ол шешім бойынша түрмеде отырған тұтқын өз қылмысын мойындап, президенттің атына арыз жазуы керек.Арыз кешірім комиссиясында қаралады".

Еурокеңестің қысымымен Әзірбайжан өкіметі өткен жылы түрмеде отырған 3 саяси тұлғаның ісін оларды саяси тұтқын ретінде қайта қарауға келіскен еді. Ол үшеу- бұрынғы ішкі істер министрі Искандер Хамидов, бұрынғы қорғаныс министрі Рахим Қазиев және жікшіл лидер Аликрам Хуммадов. Бүгіндері Әзірбайжанда бұл үш тұлға ісін қайта қарап жатқан сот үдерісі туралы Еуропарламент депутаты Клерфаи бұл сот үдерісін әділеттікті тәлкек ету деді.
XS
SM
MD
LG