Бүгін Францияның Эйр Франс әуе компаниясы сегіз жылдан кейінгі үзілістен соң, өзінің Алжирге ұшатын бағытын қайта ашты.1994 жылдың желтоқсанында Эйр-Франстың ұшағын Алжир астанасында ислам экстремистері басып алып, онда кепілдікке алынған 3 адам өлген.Француз әуе компаниясы мен Алжир ел басшыларының ұзақ жүргізілген келіссөздерінен соң, қауіпсіздік шараларын қамти отырып, әуе рейсі қайта жолға қойылды.Бірақ бұдан былай ұшақ ішінде Франция арнайы қызметінің 3 офицері отыратын болады.Эйр-Франс енді күн сайын үш реттен Алжирге ұшағын бағыттап отырмақ.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Советті сынау, түрме, Азаттық. Махмет Құлмағамбеттің соңғы сұхбаты
-
Тұңғыш президент күні
Назарбаевта не қалды? Экс-президенттің билігі мен байлығы