Accessibility links

Кондолиза Райстың Таяу шығысқа сапары басталды.


АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Кондолиза Райстың бүгін Таяу шығысқа сапары басталды. Ол алдымен Иорданның батыс жағалауындағы Иерихон қаласында Палестина үкіметінің басшысы Махмуд Аббаспен кездеспек.Ал жексенбіге Кондолиза Райстың Израил премьер министрі Ариел Шаронмен келіссөздері жоспарланған. Келіссөздердің басты тақырыбы- Таяу шығыстағы жағдайды бейбіт реттеу жөніндегі халықаралық жоспар болып отыр. Осыған дейін Палестина аутономиясы мен Израил ел басшылары Иорданның батыс жағалауындағы Бетлехем қаласы мен Газа секторынан Израилдың әскери жасағын шығару жөніндегі келісімге келген болатын.Әскерилерді шығару дүйсенбі немесе сейсенбі күндері басталмақ.Бұл жайында Израил мен Палестина жетекшілері хабарлаған. АҚШ мемлекеттік хатшысы Коллин Пауел бұл жаңалықты өте жағымды даму дей келе, дегенмен бұл Палестина мемлекеттігін құру жолындағы ұзақ процесстің басы ғана деп атап өткен.Бүгін ертерек Палестинаның Хамас жауынгерлік тобының рухани жетекшісі Ахмед Яссин , Хамас Израилмен бір мәмілеге келу келісіміне қол қоюға дайын деп мәлімдеді.Одан кейін Палестинадағы басқа да 3 экстремистік топтың жетекшілері де өздерінің Израилмен ымыраға келу келісіміне қол қоятындықтарын хабарлаған.
XS
SM
MD
LG