Accessibility links

Қарапайым халық «Азаттық» радиосы арқылы өз пікірлерін айтты


Референдум өткізу жөніндегі бастамашыл топқа қарапайым халық «Азаттық» радиосы арқылы өз пікірлерін жеткізуді ұсынады

Референдум өткізу жөніндегі бастамашыл топтың өкілдері Алматыға оралды, олар осыған орай жер-жердегі қарапайым халықтың пікірін жеткізуді ұсынады. Солардың бірі Айсұлу Қадырбаева өздері кездескен жұртшылық өкілдерінің ойларын ортаға салып, кейбірінің пікірін таспаға жазып алған. Сол азаматтар жерге қатысты ойларын арнайы «Азаттық» радиосына ұсынуды жөн көріпті. Солардың бірі Павлодар облысынан Шәкенов Мұса:

-Жер жекешелендірілген соң аздаған малымызды қайда жаярымызды білмейміз. Елдің басым көпшілігі аштыққа жақын отыр, себебі, жастарға жұмыс жоқ. Ал шетелдік азаматтардың ақшасы көп, жердің бәрін солар сатып алса бізге не қалады,- дейді.

Ал тағы бір азамат Мақсат Қалиев болса, мемлекет басшысы жерді жекешелендіруді, оны сатуды әкімдерге жүктеді. Демек, оның бәрін биліктегі атқамінерлер өздерінің тамыр-таныстарына таратып, қарапайым халықты күйзеліске ұшыратады, деген пікірін білдіреді.

Осылайша жер мәселесіне келгенде халықтың көпшілігі бұл әділетсіз қабылданған шешім болды, референдум өткізу шарасы да аяғына жетпей қалды, бұқара халықтың дауысы ескерілмей, пікірі далада қалды деген сөздері сәт сайын естілуде.
XS
SM
MD
LG