Accessibility links

Әміржан Қосанов пен Ермұрат Бапи Еуропарламент отырысына баоа алмайды


РХП атқару комитетінің төрағасы Әміржан Қосанов «СолДат» газетінің бұрынғы басшысы Ермұрат Бапи екеуі үстінен іс қозғалып, алдағы Еуропарламент отырысына жіберілмейтіндігін айтады

3 шілде күні Страсбургте Еуропарламентте Қазақстандағы жағдайға байланысты мәселе талқылануы тиіс. Осыған орай Республикалық халық партиясы атқару комитетінің төрағасы Әміржан Қосанов өзіне қатысты кейбір мәселеге және тәуелсіз «Солдат» газетінің бұрынғы бас редакторы Ермұрат Бапидың ісіне орай дүйсенбі күні өз пікірін білдіріп, былай деді:

- Бізге белгілі болған екі жәйт бар. Біріншісі, қазір Алматы қалалық қаржы полициясы тарапынан менің үстімнен және «СолДат» газетінің бұрынғы басшысы Ермұрат Бапидың үстінен қозғалған істер қарқын алып кетті. Іс қауырт жүріп, Ермұрат Бапидың қолына айып қағазын тапсырып отыр және маған да сондай құжат тапсырмақ ойлары бар. Екінші мәселеге келсек, биліктегілер көкек айында Страсбургте өткен Еуропарлдаменттің басқосуындағы жеңілістерінен кейінгі ащы сабаққа орай енді арнайы органдардан азаматтарды жинап, үлкен делегация жасақталуда. Олар сонда барған соң Қажыгелдин, Әбіләзов, Жақиянов, Дувановтардың бәрінің сотталғаны дұрыс болды, яғни олар айыпты, сондай-ақ, Ермұрат Бапи мен Қосановтарға да тағылып отырған айыптар орынды, деген дәлел айту үшін дайындық жүргізуде. Қазіргі олардың мақсаты, бізді ешқайда жібермей алып қалу,- деді.

Осыған байланысты алдағы күндердің бірінде баспасөз мәсихаты өткізілмек.
XS
SM
MD
LG