Радио тыңдаушыларының естеріне сала кетейік, осы азаматқа жерді сатуға қарсы референдум өткізуді қолдап, өз пірікін ашық білдіргені үшін үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа тартылған болатын. Міне осы мәселеге орай дүйсенбі күні Ақтөбеден бюромызға хабарласқан саясаткер Жасарал Қуанішәлі сол сергелдеңнің әлі де созылып, бір шешімі табылмай отырғандығын айтады.
- Ерболат Сатыбалдының соты әлі айқындалмай отыр. Жұбанов атындағы университетте «Мұрагер» дейтін студент-жастар клубы заңсыз жұмыс істеуде, ол тіркелмеген деп, соны желеу етіп, жетекшісі Ерболат Сатыбалдыны сотқа тартқан болатын. Осыған орай бір топ жастар осы азаматты қорғау штабын құрып, сотқа бірге барды. Содан кейін екі судья әлгі істі қараудан бас тартты. Тағы бір судья, іле-шала артынан төртінші сот та істі қарамай, әрқасысы әртүрлі себеп-сылтау айтып, біз бұл істі кеңсеге жібердік, атынан хабарлаймыз деген әңгіме айтты. Сонымен, міне дүйсенбіге де жеттік, әлі бір нақты шешім жоқ, Не болып, не қойып жатыр, еш мәлімет белгісіз, соның хабарын күтіп отырған жәйіміз бар,- дейді Жасарал Қуанішәлі.