Кувейт премьер министрінің бірінші орынбасары және сыртқы істер министрі шейх Сабах Әл- Ахмед Ас Сабах Ирақ халқынның қиындықтарды жеңуіне Араб әмірлігі қолдау көрсетеді , атап айтқанда, қазір олар кездесіп отырған гуманитарлық тұрғыдағы қиыншылықтарға көмек қолын созады деп мәлімдеді.Таяуда ұлттық парламенттің қорытынды сессиясында сөйлеген сөзінде Кувейттің сыртқы істер мекемесінің басшысы Ирақтың бұрынғы режимінің құлауы аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздікті қалыптастырды.Ирақ халқына еркіндікке үміт пен абырой әкелді деген.Және Кувейт елінің сыртқы істер министрі азат болған Ирақ елін енді ирақтықтар басқару керек дегенді атап өткен.