Accessibility links

Израил мен Палестина келіссөздері жалғасуда.


Израил мен Палестина елдерінің басшылары Ариел Шарон мен Махмуд Аббас бүгін Иерусалимде Таяу шығыстағы жағдайды бейбіт реттеу жөніндегі халықаралық жоспарды жүзеге асыру жолдарын талқылауда.Дүйсенбі күні айтулы жоспарға сәйкес, Израил өкіметі Палестина жетекшілігіне Газа секторындағы негізгі аутокөлік күре жолына бақылауды берді.Палестинаның қауіпсіздік күштері израилдықтарға қарсы тағы шабуылдар жасалмауын өз міндеттеріне алуда.Иорданның батыс жағалауындағы Түлкарм қаласында бір палестиндік жауынгер израил әскерінің бақылау бекетіне оқ атып, қарсы атылған оқтан бір палестиндік қаза болған.
XS
SM
MD
LG