Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қытайдағы беймәлім өкпе қабынуы індеті тоқтап, ондағы эпидемологиялық ахуалдың жақсаруына байланысты, Қазақстан үкіметі 2003-ші жылғы шілденің 1- нен бастап Қытаймен арадағы шекараны ашу туралы шешім қабылдады. Шілденің 1 -нен бастап екі ел арасындағы әуе, темір жол, автокөлік қатынасы қалпына келтіріліп, Қазақстан азаматтары осы бағыттағы туристік сапарларын жандандыра түспекші.
Шілденің 1-і күні «Азаттық» радиосына белгілі болғанындай, Астана- Пекин бағытымен ұшатын жолаушылар ұшағы шілденің 8-інен бастап ұшады, ал Алматы-Үрімжі бағытымен қатынайтын жолаушылар пойызының кестесі әлі белгісіз болса, бүгінен бастап, Қытай мен Қазақстан шекарасындағы Хоргос кеден бекеті арқылы жолаушылар көптеп жүре бастаған.