Accessibility links

Ауылды дамытудың 2004-2010жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы


Шілденің 1-і күні өткен Қазақстан Үкіметінің отырысында Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-ші және 2010-шы жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы қаралды.



Үкімет басшысы Даниал Ахметов, аталған бағдарламада ауылдық аумақтарды тиімді дамытудың бағыттары нақты белгіленгендігін атап айтты.

- Бағдарлама жобасы бойынша баяндаған вице-премьер-ауыл шаруашылығы министрі Ахметжан Есімовтің айтуынша, бүгінгі күні ауыл шаруашылығының жалпы өндірісі 555 миллиард теңгені құрайды. Бұл ауыл тұрғындарының жан басына шаққанда бір айға 7 мың 100 теңгеден келеді. Оның 57 пайызы немесе 4 мың теңгедейі жеке тұтынымға жұмсалады. Бұл жан басына шаққандағы кірістің орташа республикалық деңгейінен екі есе аз.

Мұның салдарынан жақсы тұрмысты іздеген ауыл тұрғындары басқа мекендерге көшуде.

Бұл орайда ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасы экономикалық болашағы бар елді мекендер негізінде іске асырылмақ. 7 мың 660 елді мекеннің экономикалық ахуалы, инфрақұрылымдары, экологиялық қауіпсіздігі мен әлеуметтік даму жағдайы талданған. Нәтижесінде жоғары, орташа, төмен және экологиялық қолайсыз елді мекендерге жіктеп, 4 топқа бөлген. Атауы бар 136 елді мекен анықталған, бірақ ол жерлерде адам тұрмайды.

Бағдарлама екі кезеңде жүзеге асырылады.

Үкімет басшысы білім және ғылым, сондай-ақ денсаулық сақтау министрліктерінің осы бағдарлама негізінде өз іс-қимыл бағдарламаларын жасаулары қажеттігін ерекше ескертті.

- Үкімет отырысында Премьер-министр Даниал Ахметов, Қазақстанға жасалған талап-арыз туралы мәселе күн тәртібінде қаралатындығын айтты.

Аталған мәселе жабық есік жағдайында қаралды.
XS
SM
MD
LG