Бүгін АҚШ пен Ұлыбритания елдерінің жетекшілері Америка мен Британия әскері Ирақта жаңа үкімет құрылып, тұрақтылық жағдайы толық қалыптасқанша қалады деп мәлімдеді.Ирақтың Басра қаласына келген Британия сыртқы істер министрі Жек Стро бұрынғы режимнің жаулық әрекеті одақтас күштерді Ирақтан шығара алмайды деп атап айтқан. Ирақтағы американдық әкімшіліктің басшысы Пол Бремер уақытша үкіметті құру шілде айының ортасына жоспарланып отыр деген.
АҚШ президенті Жорж Буш Ирақтағы Америка әскерлеріне шабуыл жасап жүргендердің әрекеті алдымен ирақтықтардың өзіне үлкен соққы болады деп мәлімдеді.Вашингтонда сөйлеген сөзінде Буш АҚШ әлі де Ирақта әділетті қоғам орнатып, ирақтықтардың жарқын болашағы үшін елдің экономикасына көмектесуге ниетті деген.Америка президентінің сөзіне қарағанда, Ирақтағы коалиция күштеріне шабуыл жасап жатқандар бұрынғы билік басында болған Баас партиясының белсенділері, яғни Саддам Хуссейннің жақтастары болып отыр.Сейсенбі күні Бағдад пен оның маңында болған шабуылдар салдарынан жараланған АҚШ-тың 6 әскерінің біреуі бүгін қайтыс болды.Ирақтағы соғыс операциялары аяқталды деп ресми түрде жарияланғаннан бері де, Ирақта 26 американдық, 6 британдық әскер қаза тауып, бірнешеуі жараланған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Баспанасыздарға байқалмаған "Тұрғын үй – 91"
-
Тель-Авив пен Тегеран текетіресі
Иранға соғыс, Ливанға гуманитарлық апат төніп тұр. Таяу Шығыста не болып жатыр?
-
Мәдениет алаңы
"Талақ" фильмі: даудың басы – әйел теңдігі
-
Тіл және жазу мәселесі
Түркі елдері ортақ латын әліпбиін енгізбек, бірақ оған Қырғызстан әлі дайын емес. Неге?