Accessibility links

Сильвио Берлусконидің Еуро Одақта сөйлеген сөзі жанжалмен аяқталды.


Италия премьер министрі Сильвио Берлусконидің бүгінгі Еуро Парламентте өз елінің Еуропа Одағында төрағалық ететін уақытта атқаратын шаралар бағдарламасымен таныстыруы үлкен жанжалға айналды.Отырыста жасылдар өкілдері "Заң бәрімізге бірдей болуы керек" деген ұрандар көтеріп, пара алды деген айыппен, Берлускониге қарсы қозғалған істің тоқтатылып тасталғанын еске салды. Осы тақырыпты неміс социалисі Мартин Шульц көтерген кезде Берлускони оған дөрекі жауап беріп, мәжілісті жүргізуші Берлусконидің одан кешірім сұрауын талап етті. Бірақ ол бұлай етуден бас тартқан кезде, спикер мәжілісті тоқтатып тастады.
XS
SM
MD
LG