Accessibility links

Грузияның саяси қайраткерлері күрделі сайлауларға дайындалып жатыр


Грузия парламенті жылдағыдай жазғы демалыс уақытында бей-жай жатқан жоқ. Өйткені қараша айында парламентке сайлау додасы басталады. Қарашаның сайлауынан кейін, 2005-інші жылдағы елбасы сайлаулары қылаңдайды.

Грузия парламенті жазғы демалыста болғанымен саяси ауыр салмақтағы ойынпаздар 11-інші айдың сайлауларына бұлшық еттерін бұлтитып дайын отыр,-деп бастайды Азаттық радиосының жаңалықтар бөлімінің қызметкері Роберт Парсон өзінің Тбилисиден жолдаған хабарын.

Қараша айындағы парламент сайлауларының нәтижесі 2005-інші жылы Эдуард Шеварнадзенің ел басылық өкілеттігі аяқталған шақта кімнің келетіндігіне тікелей ықпал жасауы мүмкін.

Бұрынғы парламент төрағасы, әрі Біріккен Демократтардың көсемі Зураб Жванияның "Азаттыққа" айтуынша;

"Бұл сайлаулар Шеварнадзенің Грузияны 30 жыл билегенінің ақырын атап өтеді және жаңа күштердің биліке келуін білдіреді.Бұл адамдар кімдер болмақ ? Олар Грузияға Европалық даму жолын әкеле ме, әлде Советтік кезеңді аңсаудың жаңа түрі болмақ па ? Бұл сайлаулардың маңызы зор, өйткені болашақ бірнеше онжылдықтарда Грузияның қай бағытта дамитындығы айқындалады."

Грузияаның жаңа ата заңына сай бір адам бес жылдан екі мерзім ел басы қызметін атқара алады.

Саяси талдаушы Рамаз Сақварилидзенің айтуынша:

"Менің жақсы білуімше Шеварнадзе ата заңнан аттап өтуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл жайлы ол маған таяуда болған жеке кездесуіміз кезінде хабарлады. Сіздің білуіңіз керек Грузия бас министрі орнын Шеварнадзеге ұсынып осы арқылы оның билігін сақтап қалу ұсыныстары болды.. Бірақ ол өзі бұдан бас тартты."

Шыныменде Грузия елбасын жаңалауға дайын ба ? Грузияның Стратегияалық және халықаралық зерттеулер қорының басшысы Александр Ронделидің айтуынша , Шеварнадзенің ең үлкен қатесі ол Грузияны өзінің биліктен кетуіне дайындамауы.

"Менің ойымша ол үшін ең қиын шаруа ол мемлекетік мекемелерге өзгеріс әкеліп, жаңа құрылымдар құрып және барларын нығайту ісі болды. Менің ойымша бұл табысты болған жоқ. Бірақ тұрақты мекемелерсіз өзінен кейін билікті тапсыру өте қиын мәселе. Оның алдында тұрған ең басты іс, ол биліктің еш қиындықсыз өзге қолға өтуін қамтамасыз ету болып табылады."

11-ші айдағы парламент сайлаулары Грузияның қай бағытта дамитынын ашып бермек. Шеварнадзенің айтуынша, ол бұл сайлаулардың еркін және әділ өтуіне кепіл бола алады.

АҚШ-тың Ұлттық демократиялық институтының қаржыландаруындағы тбилисилік бөлімінің өкілі Марк Мулленің айтуынша:

"Егер сайлаулар әділ басқарылса, келесі екі жыл барысында билікті бір шама бейбіт түрде тапсыру болса және халық жаңа идеялары бар кейбір жаңа адамдардың оларды іске асыруын қабылдаса, менің ойымша Шеварнадзе онда қиын- қыстау кезеңде Грузияны сақтап қала алғаны, Еуроазияның ең үлкен тасымалдау дәлізіне мұрындық бола білгені, ең кемінде әлемдегі ең үлкен құбырдың салынуына себепкер болғаны. . Егер бұл жолғы сайлаулар әділетсіз болса және оның ақыры үлкен тәртіп бұзушылықтарға айналар болса, онда менің пікірімше, бұл мәселелерге кінәлі болар еді, ол жеткілікті мөлшерде өзгерістерге төтеп бере алатын мекемелерді құра алмаса, онда Грузия кейін кетуі мүмкін."

Кейбіреулердің пайымдауынша, Шеварнадзенің бірден бір ізбасары Жвания елдегі қалыптасқан жағдайға былайша баға береді.

"2005-інші жылғы елбасы сайлауларына дейін көптеген оппозициядағы адамдар өз саяси беделін көтеру үшін бірдей талаптарды көтеруде. Менің ойымша бұл ақымақшылық, өйткені қазір біз Грузиядағы үкімет жүйесінің ыдырауын байқаймыз. Бұл жүйенің аясында Грузияда демократиалық топтардың өкілдерінің елбасы сайлауларында жеңіске жетуге еш мүмкіндігі болмайды. Біз мынаны түсінуіміз қажет, біз бұзылған коррупционер топтардың және жартылай саяси күштердің айтыс- тартысы емес, демократиялық сайлауларға қажетті ортаны қалыптастырып жатқанымызды түсінуіміз керек."

Шеварнадзені қолдау мақсатымен құрылған Грузияның Азаматтық Одақ сынды саяси блогының ыдырауы қараша айында өтетін сайлауларда Грузияның жас демократтарына жақсы мүмкіндіктер беруде. Соңғы сауалнамалар оларды үкіметтік топтар мен партиялардың алдына қойып отыр. Бірақ шеттен тыс өр көкіректік, бақталастық және қызғаныш олардың жолына көлденең келуінен, күллі қоғамның сенімі барлық саяси қайраткерлерден айнып кетуі мүмкін,- деп аяқтайды Азаттық радиосының жаңалықтар бөлімінің қызметкері Роберт Парсон өзінің Тбилисиден жолдаған хабарын.
XS
SM
MD
LG