Accessibility links

АҚШ өзі тағайындаған Нажаф қаласының әкімін қамауға алды.


Вашингтон осы аптада Нажаф қаласының әкімін орнынан алды, оған жұмыс бабын асыра пайдаланып, өзге ресми адамдарды қорқытып, қаржылық алаяқтыққа итермелегені бойынша ирақтық сот үкім шығарды.

Бұл АҚШ пен Британияның халық арасында беделсіз немесе таза емес өздері тағайындаған жергілікті басшылардан бас тартып отырғанын білдіреді.

Ирақтағы американ әкімшілігі Нажаф қаласының әкімі Абдулла Мүним Абитті жұмыс бабын асыра пайдаланғаны үшін қамауға алғанын хабарлағанымен, мәселенің бүге -шігесіне тоқтала қойған жоқ,-деп бастайды Азаттық радиосының жаңалықтар бөлімінің қызметкері Чарльз Рекнагель өз хабарын.

Одақтастардың уақытша әкімшілігінің мүшесі ақпарат құралдарының өкілдеріне, АҚШ тағайындаған қалабасының жексенбі күні қызмет бабын асыра пайдаланып, қаржылық алаяқтық жасау мақсатымен, банк басшылығына қысым жасағандығы үшін қамауға алынғандығы туралы хабарлады. Қалабасы өзінің 61 қызметкерімен қоса қамауға алынды.

"Одақтастардың уақытша әкімшілігінің аты аталмаған өкілінің айтуынша, "оны тағайындау қателік болды",-деп Ройтер агентігі хабарлайды. Нажафтағы қалыптасқан жағдайға байланысты "Азат Ирақ " радиосының қызметкері Мұхамет Әли Хайдаридың айтуынша :

"Нажафтықтар оны осыдан екі ай бұрын тағайындағанына риза болған жоқ. Бұл тағайындауға бірінші қарсылық оның шиит емес, суннит болуында. Ал Нажаф болса Ирақ шейлері мен жалпы әлем бойынша қасиетті мекені болып есептеледі. Ондағы халық өз қаласының басшысы жергілікті жігіттен таңдалынады деп күтті. Сондықтан олар әкімшілік қаладағы дін басылары және саясаткерлермен ақылдаспай оны Нажаф қаласының басшысы етіп тағайындағанына өте ренжулі болды."

Өз сөзін жалғастырып ол :

"Халықтың екінші оны айыптауы, оның Ирақты бұрын билеген Баас партиясының мүшесі болуы. Олар бұрынғы режимнің бейнесін еске салатын адамың өздерін басқаруын қаламайды. Нажафтық көптеген дінбасылар мен кейбір шейі саясаткерлері бұрынғы режим кезінде қамауға алынып, не өлтірілді."

"Вашингтон постың" жазуынша АҚШ-тың Абитті қалабасы етіп тағайындауына бәлки, оның бұрынғы Наджаф әкімшілігінде қызмет атқаруы себеп болған шығар. Газеттің жазуынша американдық билікті оның сыпайы, әрі өзіне сенімді жұмыс жасау тәсілі баурап алған. Әрі ол АҚШ әскерилеріне беймәлім Ұлттық Бірлік Одағын басқарғанын, бұл ұйымның сақшылары Саддамды құлатуға ат салысып американдық қосындарға қосылғаны туралы хабарлаған.

АҚШ қолы бір жарым мыңдық жаңа Нажаф сақшыларын дайындықтан өткізген, Абит оларды жеке нөкерлері ретінде пайдаланып қаланың шейі дін басшыларын күзетуші жасақтарды қарусыздандыратындығын айтып, бірнеше мәрте ескерткен.

Бақталас қарулы топтардың теке -тіресі қарулы қақтығысытарға әкеле жаздады, әрі көкек айында Лондоннан оралған белгілі дінбасы Әбділ Мәжит әл- Қоей шайқының өліміне де себепкер болды.

Абитке наразы халық бірнеше мәрте шеру ұйымдастырып, сотқа арызданды. Қалабасы осы аптада Ирақ қазиінің шешімімен қамауға алынып, енді ол Ирақ заңдары бойынша жауапқа тартылады.

АҚШ әкімшілігі енді Абиттің орнына жаңа адам тағайындалғанша, 22 адамнан тұратын азаматтық кеңес құрмақ, олар кейін жаңа басшыны ұсынады. Азаматтық кеңесті құру тәжірбиесі Одақтастар әкімшілігі үшін жақсы тәжірбие болып отыр, бұл мамыр айында Мосул қаласының басшысын тағайындауға мүмкіндік тудырды. Онда Мосулдың арабтары, күрттері, христиандары және түркімендері әлеуметтік клубта бас қосып , жаңа әкім мен қала басқармашылығының мүшелерін сайлады. Бұл тәжірибе Ирақтың өзге де елді мекендерінде ескерілді.

Жексенбі күні Абиттің қамалғаны туралы жариялаған Одақтастар әкімшілігінің өкілі бұл өзгеде Ирақ жауапты өкілдері үшін ескерту болады, мейлі оларды одақтастар тағайындасын, не танымал кеңес сайласын олар заңға жүгінулері тиіс, - деп аяқтайды Азаттық радиосының жаңалықтар бөлімінің қызметкері Чарльз Рекнагель өз хабарын.
XS
SM
MD
LG