Accessibility links

Сербия Черногория Гаага сотына Слободан Милошевичке қатысты қажетті құжаттарды тапсырды.


Сербия Черногория елінің жетекшілері бүгін Гаага трибуналына Югославияның бұрынғы президенті Слободан Милошевичтің сотына қатысты барлық қажетті құжаттарды тапсырмақ. Қабылданған шешім бойынша, Трибуналға 1991-2000 жылдардағы бұрынғы Югославияның Жоғарғы Қорғаныс Кеңесінің отырысындағы стенограммалық жазбалар берілуі керек. Прокурорлар Милошевичтің сотында бұл құжаттар айыптауға дәлел бола алады деп үміттенеді. Слободан Милошевич 1990 жылдарда Югославиядағы соғыста жасаған әскери қылмысы үшін айыпталып отыр.
XS
SM
MD
LG