Accessibility links

Сильвио Берлусконидің Еуро Парламенттегі дөрекілігі жанжалға айналды.


1 шілдеден бастап, Еуропалық Одақтың төрағалығын алған Италияның премьер министрі Сильвио Берлусконидің кешегі Еуро Парламентте сөйлеген сөзінен кейінгі туған жанжал барған сайын өршіп барады. Бүгін Германия канцлері Герхард Шредер Сильвио Берлусконидің депутат Мартин Шульцтан кешірім сұрауын талап етуде. Кешегі мәжілісте Италия премьер-министрі Шульцтың айтқанына жауап бере келе, оған "Сізге нацистер концлагерінің күзетшісі ретінде киноға түсіп көру керек" деп кекесін жауап берген болатын. Берлусконидің кешірім сұрауын сондай-ақ, Еуро Парламент те талап етіп отыр. Әйтпесе Еуропарламент Берлускони төрағалық ететін Еуро кеңеспен барлық байланысын тоқтатып тастамақ.
XS
SM
MD
LG