Бүгін тағы да Америка әскерлеріна шабуыл жасалып, онда 9 адам жараланды. Елдің батысында бронетранспортерге бомба тасталып, Бағдадта АҚШ-тың әскери көлігіне жарылғыш зат түсіп өртенді.
Ирақтағы Кербала қаласында миналарды тазалау операциясы кезінде жарылыстан АҚШ әскерінің үшеуі жараланып, біреуі өлген. Кеше Америка президенті Жорж Буш Саддам Хуссейн жақтастарының бұл елдегі Одақтас күштерге шабуылы жауапсыз қалмайды деп мәлімдеп, Ирақтағы мұндай қарсылықтарға Америка әскерінің күші толығымен жетеді деген сенімін білдірген. Ал, АҚШ әскерінің Бағдадтың солтүстік батысындағы бөлімшесі Саддам Хуссейннің қарулы үзеңгілестерін іздеуді жалғастыруда. Америка қолбасшылығының хабарына қарағанда, бүгінде 20 адам тұтқындалды, оның ішінде Баас партиясының белсенділері мен құлатылған диктатордың полиция жетекшілері, Ирақ барлау қызметінің офицерлері де бар. Ирақтағы уақытша әкімшілік бүгінде Фаллуджа қаласындағы мешітте жақында болған жарылыстың себебін анықтауда. Мешітке келген 7 бейбіт тұрғынның өмірін әкеткен бұл жарылысты Саддам Хуссейн жақтастары жасады деген жорамал бар.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Париж жаңғырығы
Паралимпиада жүлдегерлері қоғам назарынан тыс қалды ма?
-
Азаттық зерттеуі | 2-БӨЛІМ
Дубайдағы Қазақстан. Құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы шенділері
-
Көкейкесті мәселе
АЭС референдумы: халықтың экологиялық құқығы сақталып жатыр ма?
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?