Ауыл мен жер тағдыры толғантады
Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында туып-өскен Асан Смағұл қазіргі қазақ ауылдарының жәй-күйі ешкімді де бей-жай қалдырмаса керек деген пікірде. Бүгінде баршаны толғандырған жер мәселесі шарықтау шыңына жетті, дегенмен ол тақырыпты қозғамас бұрын, алдымен ауылға байланысты ойымды ортаға салайын,- дейді бұл азамат.
- Мен ауылға жылына бір рет барып қайтамын. Әсіресе мамыр, маусым, шілде айларында баруға тырысамын. Қазір онда менің әке-шешем, іні-бауырларым тұрады. Елге барғанда мен өзімді баяғы кеңес үкіметі заманындағы соғыстан кейінгі кезеңді көз алдыма елестетемін,- дейді Асан Смағұл.
Осы азаматтың айтуынша, Зайсан ауданындағы Қарабұлақ ауылында он жыл бұрын 5-6 мың адам тұрған, 700-800 шаңырақ бар еді, қазір сол мүлдем азайып кеткен. Үйлерді иелері бұзып алып, ірі қала, елді мекендердің маңайына көшіп кеткен. Елу мыңнан аса қой болса, соңғы 11-12 жыл ішінде жайылым қаңырап бос қалыпты.
Алайда осындай құлдырау себебінің бәрін экономикаға әкеп тірей берген дұрыс емес, басшылардың немқұрайдылығы, ауылға көңіл бөлмеудің салдарынан. Ауыл халқы әбден қалжырап, тұралағандықтан, жер сатылғалы жатқанда да өз үндерін шығармай, бұйығы қалды,- дейді Асан Смағұл.
Әйтседе, Үкімет ауылға бет бұрып, үш жылға арнайы бағдарлама қабылдап, жұмыс істей бастадық деген еді, бірақ соның нақты нәтижесі көрінбейді. Бәрі сөз жүзінде ғана. Сондай-ақ, біздің елде науқаншылдық сипат басым, бір нәрсені бастап аламыз да аяғына жеткізбейміз. Ауыл бағдарламасы да сондай, үлкен шара басталды да, одан ары қарай қандай жұмыс істеліп жатқаны белгісіз күйде қалып отыр.
Ауылдың бір ғана мақтан тұтарлық тұсы - халқымыздың игі дәстүрі мен шұрайлы тілі сонда сақталған. Ұлтжанды париоттар сонда түлеп шығады. Ауыл мұғалімдерінің қолынан келетіні, бетке ұстар, қазақтың болашағын ойлайтын азаматтарды дайындау ғана.
Осыдан кейін Асан Смағұл жерді сату мен жекешелендіру мәселесіне тоқталып, президенттің Жер кодексін қабылдағаны, жер сатуды бүкілхалықтық референдум арқылы шешуді көтерген бастамашы топтың әрекеті де Орталық сайлау комиссиясы тарапынан қолдау таппағаны халықтың еңсесін түсіріп жібергенін айтады.
- Мұндағы алаңдайтын бір жәйт, жердің шетелдіктерге сатылатындығы. Мемлекет басшысы бұл істі әкімдер шешеді дегенді айтады. Ал әкімдер болса, халық мүддесімен санаспайды. Өйткені, оларды халық сайламаған, әкімдер тек билік басындағылардың айтқанымен жүреді. Демек, ертең шетелдіктерге жер сатуды да өздері шешеді,- дейді Асан Смағұл.
Оның айтуынша, Жер туралы кодекс күшіне енген соң бір-екі ай ішінде Қазақстан жері сатылып кетеді. Әкімдер ол іске жанын сала кіріседі. Ал маған халық пен әкім арасында үлкен шекара жатқандай болып көрінеді, дейді. Негізінен, жағдайы барлар ауылды тастап, қалаға көшіп кетті. Ал ауылда қалғандары қара нанға тиынын жеткізе алмай отырған адамдар. Міне, сондай ауыл тұрғындары жер сатып алғандарға жалданады да күнелтеді. Қорыта айтқанда, қазақ жері жүз процент сатылатынына көзім жетеді. Соның 20-30 процентін өзіміздің заңсыз жолмен пайда тауып, байып алған қазақстандық азаматтар сатып алса, қалғанын түгелдей құнарлы-құнарсызына қарамай шетел азаматтары сатып алады, - дейді Асан Смағұл.