Accessibility links

ЕҚЫҰ төрағасы Қазақстанға ресми сапармен келедi


шiлденiң 7-сi күнi Еуропаның қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Яап де Хооп Схеффер ресми сапармен Қазақстанға келедi.

Қазақстан Сыртқы iстер министрлiгiнiң ақпарат және талдау басқармасының хабарлауынша, шiлденiң 7-сi күнi Еуропаның қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымының төрағасы, Нидерланды Королдiгiнiң сыртқы iстер министрi Яап де Хооп Схеффер ресми сапармен Қазақстанға келедi.

«2003 жылдың ақпан айында Ирақтағы ахуалға байланысты кейiнге қалдырылған бұл сапар аталған ұйым төрағасының Еуропаның қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттерге жыл сайынғы сапарлары аясында жүзеге асырылғалы отыр» делiнедi аталған ақпарат көзiнiң баспасөз – баянында.

Яап де Хооп Схеффер мырзаның Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевпен, сыртқы iстер министрi Қасымжомарт Тоқаевпен, және Парламент Мәжiлiсiнiң басшыларымен кездесулерiнде аталған халықаралық құрылым мен Қазақстан ынтымақтастығының әскери-саяси, экономикалық-экологиялық салаларындағы, сондай-ақ, Еуропаның қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымының адами өлшемдер тұрғысындағы маңызды мәселелерi талқыланбақ. Сапар барысында саяси партиялардың өкiлдерiмен және Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиевамен кездесулер де жоспарланып отыр. Демек, Қазақстандағы сайлау жүйесiнiң қазiргi ахуалы да әңгiме өзегiне айналмақ.

Балиева ханым «Сайлау туралы» жаңа заң жобасында Еуропаның қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұыймының ұсыныстары толық көрiнiс тапқанын мәлiмдеген болатын. Алайда, жергiлiктi мәслихаттар сайлауы ескi заңмен өткелi отыр. Ал Парламент Сенатының төрағасы Оралбай Әбдiкәрiмов шiлденiң 3-i күнi «Сайлауға дейiн жаңа заңды қабылдап үлгеруге болатын едi. Дегенмен, Орталық сайлау комиссиясы Еуропаның қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымының қағидаттарын сақтаған жағдайда, сайлаудың ашықтығын қамтамасыз етуге болады» деп мәлiмдедi.

Әбдiкәрiмов мырза «Сайлау туралы» жаңа заң жобасы Парламенттiң алдағы сессиясының қарауына ұсынылып, басымдық берiлетiн заң жобаларының ең маңыздысы болуға тиiс деп санайды. Демек, ендiгi Парламент сайлаулары жаңа заң аясында өтуге тиiс. Алайда, Сенат депутаттарының басым бөлiгiн жергiлiктi мәслихаттар сайлайтынын ескерсек, келешек сенаторлар ескi заңмен сайланған мәслихат депутаттарының дауысымен өтедi.
XS
SM
MD
LG