Көптеген елдер дәстүрлі мыс сымдарға тәуелді жүйелерді дамыту үшін инфрақұрылымдық және қаржылық қиыншылық көруде. "Уай-Фай" оларға дижитал дивидиге, яғни заманауи сандық технология жүйесіне тікелей жол ашады. Бірақ әзірге көптеген дамушы елдер "Уай-Файға" байланысты консервативтік көзқарасты ұстануда.
БҰҰ-ы " digital divide" яғни, сандық бөліну жүйесінің жетістігін бұқара көпшілік пен жекеменшік саланың ресми өкілдері арқылы сымсыз интернетті дамушы елдерге енгізбек,-деп бастайды Азаттық радиосының жаңалықтар бөлімінің қызметкері Никола Крастев өзінің БҰҰ-нан жолдаған хабарын.
Өткен аптада БҰҰ-нда өткен сымсыз интернет, не "Уай-Файды" өз елдерінде енгізу ісінің маңыздылығымен жиынға қатысушы 200 өкіл келісті. Олар оның әлемдік стандарттық жүйедегі тиімділігіне, оның өсу мүмкіндігіне және оның табиғатының бейқамдығына тоқталды.
Бұрынғы Пәкістандық дипломат, қазір БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік Кеңесінің қолдау және жүйелеу бөлімінің жетекшісі Сарбуланд Хан "Уай – Файдың" маңыздылығына былайша тоқталды:
"Біз жетімсіздік көріп отырған дамушы әлемдегі, тарату мен мағыналық мүмкіндіктерді көбірек теңестіре түсуге Уай- Фай жағдай тудырар еді. Егер сымсыз шапшаң таралу мүмкін болса, онда ұзақта отырып, видео арқылы төгіліп тұрған білімнен сусындауға болар еді, осы арқылы денсаулық ақпараты және т.б. дүниелерге қол жеткізу әлде қайда жеңілдей түспек.Біз бұл мүмкіндікті трансұлттық корпорациялар іске асыру жолдарын тауып, негізгі пайдалану мүмкіндіктерін үкіметтер пайдаланып, осы арқылы қоғамдық жеке серіктестікпен бұны іске асыруға тырысады деп мойындаймыз."
"Уай –Фай" таратқыштар лицензияланбаған радио толқындарды пайдаланады, кез келген мағұлыматтардың түрі жіберіліп оны компьютер мен өзге де инфрақызыл портты қабылдауыштар қабылдай алады.
Патрик Гелсингер Интел Корпорацияасының техологиялар бойынша бас маманы, ол БҰҰ-ның жиынында "Уай – Файдың" артықшылықтарына былайша тоқталды :
"Бұл лицензияланбаған, бұл бақылаусыз, оның өндірісі және әлемдік талаптар сай және ол интернетпен байланыстырғыш. Бұл төрт ерекшелікпен қоса оның технологияасы тым тиімді, осы арқылы ол күллі әлемде теңдессіз. Біз, әсіресе дамушы елдердің бұл істе өз елдері аясында оны енгізу бойынша батыл саясат ұстануын қолдаймыз. Біз дамушы елдерде діл жетімсіздігін көреміз, олар мүмкіндігінше лицензияланбаған салаларды кеміту арқылы оларға ұрықсат беріп азын- аулақ долларға қызығып осы арқылы дамушы елдер бұл технологияның таралуына қолбайлау болып отыр."
Бостон Консалтиңтің таяуда өткізген интернеттік зерттеуіне сай, АҚШ-та әр минут сайын 30 жаңа тұтынушы "Уай-Фай" қызметіне жазылуда. Технология үлкен қалалардың аудандарында қарқынды дамып, оны еті тірі жастар таратуға атсалысып жатыр.
Әлемдік банктің ақпарат және байланыс технологиялары бөлімін басқарушы, жиынға қатысушы Мошен Халилдің айтуынша :
"Сымсыз технологияалар не себептен қызығушылық тудырады ? Өйткені оның болашағы зор. Біз дамыған әлемнің тәжірбиесі мен мағұлыматтарына жүгінер болсақ, онда соңғы 10 жыл ішінде сымсыз технологиялар бұдан алдыңғы 50 жылға қарағанда әлдеқайда шапшаң дамыды."
Дамушы әлемге "Уай-Файдың" тиімділігін тұжырымдай келе "Интелдің" өкілі Гелсингер былай деді :
"Біз таңданыстамыз, өйткені біз дамушы елдерге жетіп отырмыз, олар аталмыш технология арқылы бізбен қатынас құруға талпынып, өздерін бірінші дәрежедегі әлем азаматтары ретінде сезіне алады. Сіз интернетте отырсаңыз, мен сіздің Пекин түбіндегі күркеде ме, әлде сіз, Манхэттэның аспан тіреген үйінде отырсыз ба, оны айта алмаймын. Құпиялық, әрі интернет әлемінде дамушы елдердің азаматтары өздерін әлемнің бірінші деңгейдегі азаматтары ретінде сезінуге жол ашады. Және біздің ойымызша бұл салада нақты саясат қолданса бұған қол жеткізуге болатындығына сенімдіміз."
Сымсыз Интернет Институты БҰҰ-ның аясында жиын ұйымдастырды, бұл халықаралық интернеттегі сымсыз технологияларға қызығушылық танытушы мүдделес тараптарды байланыстыратын халықаралық ақылман орталық, ол күллі әлемдегі экономикалық, әлеуметтік және білім дамуын қолдайды.