Accessibility links

Біздің кіші достарымыз


9 жасар Сымбат Мырзабай. Сымбат жануарлар мен хайуанаттарды жақсы көреді.

Сол себептен жазғы демалыс күндерінде хайуанаттар бағына жиі келгенді ұнатады. Сымбат Мырзабайдың ата-анасы хайуанаттар бағында жұмыс істейтін болғандықтан, Сымбат хайуанаттарды қалай күту керектігін де біледі.

Сымбат Мырзабай:

- Жануарлар да адам сияқты, оларды ұрмау керек, олар жақсы жануарлар.

Жалпы, Сымбат Мырзабай өзі білетін жанауарлардың барлағын жақсы көреді, бірақ түйеге деген көнілі ерекше.

Сымбат Мырзабай:

- Мен бұл жерде түйелерді жақсы көремін. Түйенің арқасы ұнайды, оның үстіне мінгенді жақсы көремін. Маған сонымен қатар қоян ұнайды. Анам маған қоянды үйге әкеліп берген, қоянның маған тісі ұнайды.

Бір жарым жасар Аяулым хайуанаттар бағына бірінші рет келсе де, жануарлардан қорықпайтын болып шықты.

Аяулым Асыловa:

- Маған ат ұнады, есек ұнады, түйе ұнады.

Алматыдағы мемлекеттік хайуанаттар бағының Аша тұяқтар бөлімінің меңгерушісі Қасен Беқұловтың айтуынша, бүгінгі таңда бұл бақта аша тұяқталырдың 25 түрі бар, олардың жалпы саны 110 басты құрайды.

Алматыдағы мемлекеттік хайуанаттар бағының Аша тұяқтар бөлімінің меңгерушісі Қасен Беқұлов: - Қазіргі кезде, сегіз түрінен төл алдық, 15 бас. Оның ішінде атап айтсақ, Прежеваль жылқысы, түйемізден екі ақ бота алдық,ешкі, тау теке деген бар, олардан төл алдық. Жалпы, хайуанаттар бағының жағдайы жаман емес. Қалалық әкімшілік азық-түлікке жеткілікті қаржы бөліп отыр., тек күрделі құрылысқа ақша жетпей отыр.Біздегі соңғы жаңалық, бақтың 66 жылғы тарихында болмаған жаңалық, біз жираф алуды жоспарлап отырмыз.Оны жақын арада, тамыз немесе қырқұйек айында әкелеміз.

Табиғатта сирек кездесетін хайуанаттар мен, жойылу үстінде тұрған жануарларды көргісі келетін азаматтар аз емес. Хайуанаттар бағына келушілердің саны мен қазақстандықтардың жағдайын бағалаймыз- дейді Қасен Беқұлов мырза.

Алматыдағы мемлекеттік хайуанаттар бағының Аша тұяқтар бөлімінің меңгерушісі Қасен Беқұлов:

- Келушілер жылдан-жылға көбейіп келе жатыр деуге болады. Былтырғы жылдармен салыстырғанда үстіміздегі жылы халықтың келісі жақсы.Осы арқылы халықтың жағдайы жақсарып келе жатыр, деп түсінеміз.

Төлеуғалым Жармұхамедов хайуанаттар бағына балаларын Шығыс Қазақстан облысынан әкелген. Хайуанаттар бағын аралап, риза болғанын айтады. Төлеуғалым Жармұхамедов мырзаның немересі, Меруерт хайуанаттарды көріп жақсы әсер алғанын білдерді. Хайуанаттар бағына келгендердің арасында, бақтағы жануарлардың жағдайына алаңдаушылық пен қарайтындар да бар. Солардың бірі Ляззат Қайыржанова болып шықты.

Ляззат Қайыржанова, хайуанаттар бағына келуші:

- Тозып кеткен сияқты өткен жылдар мен салыстырғанда. Хайуанаттар аш емес, бірақ өз күйлерінде емес. Қарасаңыз жануарлар арық, жағдайы айтарлықтай жақсы емес.

Хайуанаттар бағындағы жануарлар аш, жануарлардың жағдай нашар деген пікірге, хайуанаттар бағының қызметкері Қасен Беқұловтың өзіндік жаубы бар.

Алматыдағы мемлекеттік хайуанаттар бағының Аша тұяқтар бөлімінің меңгерушісі Қасен Беқұлов:

- Мысалы түйенің екі өркеші тік тұр, жүнін алып тастағаннан кейін, көрушілер малдардың жағдайы мәз емес екен- дейді. Негізінен бұл мал танымайтын адамдардың сөзі.Осындай пікірде болған азаматтарға түсіндіруге тырысамыз. Негізі, аңдар семіз болмау керек.

Хайуанаттар бағында жергілікті жерде кездеспейтін жануарлар мен қатар Қызыл кітапқа енген хайуанаттар бар, бұл жануарларды сақтап қалу, оларды көбейту хайуанаттар бағының басты мақсаты, сол себептен, бақ қызметкерлері, хайуанаттарды көруге келген азаматтар, бұл жануарларға жауап кершілікк пен қараса деп ойлайды.
XS
SM
MD
LG