Accessibility links

Халықаралық сотқа Зелжко Миикич тапсырылды


Біріккен Ұлттар Ұйымының Гаагадағы халықаралық сотына бүгін бұрынғы босниялық сербтердің қолбасшысы Зелжко Миикич тапсырылды. Югославия азаматтық соғысы кезінде ол басқарған Омарска абақтысында серб-емес ұлттардың өкілдері зұлматқа салынған. Зелжко Миикич үш мың босниялық мұсылман мен хорваттардың ажалына кінәлі деп айыпталды. Зелжко Миикич Сербия полициясының қолына дүйсенбі күні түсті. Ол елінде жасырынып жүріпті. Бүгін, сондай ақ, Сараево қаласының маңындағы Туджяк ауылында ортақ көмбе ашылды. Оның шінде жеті ер азамат, үш әйел азаматтың сүйектері табылды. Бұлар – зұлматтың құрбаны болған Босния мұсылмандары деп жорамалданып отыр. Босниядағы азаматтық соғыста, жалпы, 260 мыңдай адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG