Accessibility links

“Әл Қаида” сарбаздары АҚШ-тың әскери сотында тергелетін болды


АҚШ абақтысына қамалған "Әл Қаида" әскерінің сарбаздары деп сезіктелетін алты азаматты президент Джордж Буш әскери сот трибуналы арқылы тергеуді бұйырды. Европа комиссиясы бүгін АҚШ-қа қайырылып, ол азаматтарды өлім жазасына бұйырмауды сұрады. Әйтпеген жағдайда терроризмге қарсы біріккен одақтастардың арасында араздық пайда болады, дейді Европа комиссиясы. Сотқа тартылатындар кім екені толық анық емес. Алты азаматтың екуі Британияның, біреуі Австралияныкы екені осы тараптардан ресми хабарланған.
XS
SM
MD
LG